Қазақстан халқы Ассамблеясы Астана күнімен құттықтайды!

Версия для печатиPDF versionEPUB version

 Құрметті отандастар!

 

Қазақстан халқы Ассамблеясы Сіздерді шын жүректен сүйікті елордамыздың туған күні – Астана күнімен құттықтайды!

Елордамыздың туған күні әрбіріміз үшін ерекше ыстық жалпыхалықтық мереке. Астана Қазақстан халқының рухани өрлеуінің тірегіне, бірлігі мен ынтымағының белгісіне, еліміздің жасампаз жеңістерінің көрінісіне және қазақстандық арманның іске асуының айқын дәлеліне айналды.

Астана – Азаттық пен Тәуелсіздіктің бейнесі – елдің, халықтың, қоғамның жаңа тарихының бастауы. Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тарихи және тағдырлы шешімі, айрықша саяси еркі Еуразия кіндігінде қарасаң көз тоймайтын, қайталанбас келбетті, ғажайып қаланың салынуына негіз болды.

Бүгінде Астанамыз – әлемдегі ең сұлу әрі жас елорданың бірі. Қонақжай қала көптеген елдерден ағылған саяхатшыларды өзіне тартуда, аз уақыт ішінде ірі халықаралық шаралар мен маңызды оқиғалардың орталығына айналды. «ЭКСПО-2017» бүкіләлемдік көрмесін өткізу орны ретінде Астана қаласының таңдалуы біздің елордамыздың әлемдік қауымдастықпен мойындалуы.

Астананың сәулет өрнектерінде және бейбітшілік сүйгіш рухында Шығыс пен Батыстың ғасырлар бойғы дәстүрлері өрілген, Қазақстан халқының барша мәдени және рухани байлығы бас қосқан.

Сондықтан да, Мемлекет басшысы жариялаған Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы, 2015 жылы елордада «Астана – бейбітшілік пен келісім қаласы» деген атаумен өтпек.

 

Қадірлі азаматтар!

 

 

 

Баршаңызды осы жарқын мерекемен құттықтауымызды қабыл алыңыздар! Астанамыз гүлденіп, өркендеп өсе берсін.

Елордамыз халқымыздың тұтастығының, ынтымағының, ырысының, берекелі тірлігінің, еліміздегі бейбітшілік мен келісімнің, мәдениет аралық диалог пен толеранттылықтың белгісі болып қала берсін! 

Мереке құтты болсын қадірлі қазақстандықтар!

 

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.