«Қазақстан халқы ассамблеясының қоғамдық-саяси технологиялары» атты конференция

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2016 жылғы 29 қарашада Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінде «Ұлы Дала Елі - Тәуелсіздіктің 25 тұғыры» атты Тәуелсіздіктің 25 жұлдызды күні» жоспары шеңберіндегі «Соғыссыз әлем. Н. Назарбаевтың «Әлем: ХХІ ғасыр» манифесі» атты «Қазақстан халқы ассамблеясының қоғамдық-саяси технологиялары» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция болып өтті.

Конференция Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған.

Іс-шараның негізгі мақсаты: Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасып, табысты дамуындағы Елбасының алатын тарихи орны, Ұлт Көшбасшысының жаһандық бітімгерлік бастамалары, Қазақстан халқы ассамблеясының халық арасындағы бейбітшілік пен келісімді нығайтуға, этносаралық бірлік пен өзара түсіністікті сақтауға бағытталған қызметі туралы ақпарат беру.

Ұйымдастырушылар: ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі; Философия, саясаттану және дінтану институты; Алматы қалалық Қазақстан халқы ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық тобы; Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ; Философия, саясаттану және дінтану институты жанындағы Жас ғалымдар кеңесі.

Конференция жұмысын Алматы қалалық. ҚХА жанындағы ҒСТ төрағасы, ф.ғ.д. Мұхтарбек Шайкемелев ашып, жүргізді.

Алматы қалалық ҚХА төрағасының орынбасары Мамсуров Казбек «Елбасы Н. Назарбаевтың «Әлем: ХХІ ғасыр» манифесінде белгілеген бастамаларын жүзеге асырудағы Қазақстан халқы ассамблеясының міндеттері» тақырыбында баяндама жасады. Қазақ Ұлттық аграрлық университеті Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасының меңгерушісі, профессор Бөрібасов Сайын «Қазақстандағы қазіргі жаңа ұлт саясатының басымдықтары» тақырыбында сөз сөйледі. Қалалық мәслихат депутаты, Алматы қалалық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Ниязова Нүрия «Қазақстан халқы ассамблеясы қызметіндегі Қоғамдық келісім кеңестерінің алатын орны» тақырыбында баяндама жасады. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің магистранты, саясаттанушы Рахметов Алтынбек «Қазақстан Республикасындағы конфессия аралық келісімді нығайтудағы ҚХА рөлі» тақырыбында баяндама жасады. Қазақстандағы Орыс, славян және казак ұйымдары үйлестіру кеңесі төрағасының орынбасары Киндалёв Михаил «Н. Назарбаевтың «Әлем: ХХІ ғасыр» манифесі: соғыссыз әлемді сақтау жолдары» тақырыбында сөз сөйледі.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.