ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ XXVI СЕССИЯСЫ ӨТЕДІ

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2018 жылғы 28 сәуірде сағат 15:00-де Астана қаласындағы  Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың төрағалық етуімен «Бес әлеуметтік бастама – қоғамның әлеуметтік бірлігінің тұғыры» деген күн тәртібімен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясы өтеді.

XXVI сессияның жұмысына 1 500-ден астам адам қатысады.

Олардың қатарында елдің барлық өңірлерінен келген Ассамблеяның ардагерлері, республикалық және өңірлік этномәдени  бірлестіктердің төрағалары, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, ЖОО ректорлары, шет мемлекеттердің дипломатиялық миссияларының, ғылыми, шығармашыл зиялы қауымның және БАҚ-тың өкілдері бар.

Сессия соңында салтанатты концерт өтеді.

ҚХА XXVI сессиясы қарсаңында, 2018 жылғы 27 сәуірде, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен, Ассамблея Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп, оның барысында ҚХА қызметінің бірқатар өзекті мәселелері қаралатын болады.

 

Дата события Ассамблеи: 
Дүйсенбі, 23 Cәуір, 2018

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.