Қазақстан халқының достығы шетелдіктерді қайран қалдырады

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Бүгiн елордада «Қазақстан азаматтарының ұлттық бiрегейлiгi: сыртқы көзқарас» тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесiнiң отырысы өтті.

Орталық Азия өңiрiндегi этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының жетекшiсi, әлеуметтану ғылымдарының докторы Айгүл Сәдуақасова отырыс аясында Германиядан келген Шығысеуропалық және халықаралық зеттеулер орталығының ғылыми қызметкерi, доктор Беате Эшментпен кездесу аясында еркін пікір алмасу ұйымдастырылды. Ерекше форматтағы кездесауге қазақстандық бiлiктi мамандар: «Қырғызстан-Астана» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Шавкат Исмаилов, «Діндерді зерттеу орталықтары қауымдастығының басшысы, исламтанушы шерзод Пулатов және Саяси зерттеулер институтының бөлім меңгерушісі Алуа Жолдыбалина қатысып, пікірлерін білдірді.

Доктор Эшмент Орталық Азия елдерiнiң демократиялану үрдiсi мен ұлттық саясатын зерттеумен, сондай-ақ Қазақстандағы бiрегейлiктiң қалыптасуы мен саны аз этностардың мүдделерiнiң ұстанылуын зерделейдi. Ол ұзақ уақыт бойы тұрақты түрде Қазақстанды зерттеп келе жатқандықтан елдi iшiнен зерттеген дұрыс деп санаған. Сондықтан, маман Қазақстанға келiп, қазiр ел тәжiрибесiмен танысып жатыр.

«Бүгінгі іс-шара Қазақстан халқы ассамблеясының кезекті сессиясының алдында ұйымдастырылып отыр. Шетелдiк мамандар өз мақалалары мен сұхбаттарында Қазақстан жайлы жиi айтады. Бұқаралық ақпарат құралдарынан қарасақ, белгiлi ғалымдардың ойлары да айтылып жатады. Айта кететiнiм, Қазақстанның саясаты «Қазақстан – бiздiң ортақ үйiмiз» деген ұранға ұстаным ретiнде қарауында. Қазақстанда 1990-ншы жылдардың басында қандай жағдай болды және қазiргi таңда жағдай қандай? Салыстыруға болады. Әрине, Елбасының «Қазақстан – бәрiмiзге ортақ үй» деген тұжырымдамасының нәтижесi бар деген ой жиi айтылды. Бұл сырт көздiң, сыртқы эксперттердiң пiкiрi. Ал сырт көзден айтылған осындай ой бiздiң елдiң саясатына, елдiң тұрақтылығына берiлген жақсы баға деп ойлаймын», дедi Айгүл Сәдуақасова.

 

 

Дата события Ассамблеи: 
Сәрсенбі, 25 Cәуір, 2018

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.