"Қазақстан халқының өнері" кітабы таныстырылды

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылдың 11 қазанында Достық үйінде «Қазақстан халқының өнері» атты кітаптың таныстырылымы өтті. Аталған жинақ  Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің  «Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру» бағдарламасының аясында «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» жобасы бойынша жарық көрді.

Қазақ халқы өзге этностардың да игіліктерін өз бойына дарытып қана қоймай, ғасырлар бойы жиналған білімімен бөлісуге бейім екені жасырын емес. Қазір соның бәрі жаңа мәдениеттің рухани сапасын қалыптастыруда. Оның ішінде заманауи бейнелеу өнері де бар.

Көп жағдайда сәндік-қолданбалы өнер туындыларында қазақ шеберлерінің қолтаңба мотивтері қандайда бір деңгейде қайталанып тұрады. Немесе жаңа тақырыптар мен материалдардың ерекшелігіне байланысты форма мен декор өзгеріске түседі. Алайда мұндай еңбектерде ондаған жылдар бойы ұмытылған көне ұғымдар суретшінің бейнелеу принциптері арқылы қайта жанданып, жаңа мазмұндармен толықтырылады.

Бұл әдемі фотокітап қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған және Тәуелсіздік кезеңіндегі Қазақстан халқының өнеріне арналған. Мұнда  132 қазақстандық суретші, мүсінші мен сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің жұмыстары ұсынылған. Кітапта Жамбыл облысынан шыққан 11 суретшінің еңбектері қамтылған. Олардың қатарында өңірлік Суретшілер одағының төрағасы Гүлнар Қоспақова, кескіндемеші Вера Майкович және басқа да дарынды тұлғалар кездеседі.

Қазақстан халқы ширек ғасырдан бері бұрынғы тұрмыс келбетін өзгерткен елде тұрып жатыр. Ұлттық ерекшеліктерін сақтай отырып, өздерін шығармашылыққа бағыштаған әртүрлі этностардың өкілдері шығармаларын күні бүгінге дейін қазақ мәдениетінің алтын қазынасынан алынған идеялармен байытуда.  

Мұндай кітаптар сирек шығарылғанымен, олар көп адамдардың жемісті жұмысын көрсетеді. Кітаптың соңында редакция мүшелері материалдар жинауға көмек көрсеткен барлық тұлғаларға алғыстарын білдіреді. Олардың қатарында Жамбыл облысынан материал жинауға атсалысқандар – өңірлік тарихи-өлкетану мұражайының директоры Үртай Сапақова, кіші ғылыми қызметкер - Лаура Байтұрсынова және "Қоғамдық келісім" КММ әдіскері – Вера Майкович. Алдағы уақытта «Қазақстан халқының өнері» атты кітап суретшілер, шеберлер мен шығармашылық адамдардың жас буыны үшін нағыз энциклопедияға айналады деп күтілуде.

Дата события Ассамблеи: 
Бейсенбі, 12 Қазан , 2017

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.