ҚХА-ның Ғылыми-сарапшылық кеңесінің отырысы өтті

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Астана қаласындағы ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Қазақстан халқы Ассаблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы Қазақстанның адами капиталын дамытудың құралы» деген тақырыпта отырысы өтті.

Жиынға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен Қазақстан халқы Ассаблеясының мүшелері және мемлекеттік органдар мен жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.

Бас қосуды ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Фатима Жақыпова жүрігіздіОның айтуынша, президенттің бес әлеуметтік бастамасы еліміздегі күрмеуі қиын мәселелерді оңтайлы шешеді. Сондықтан да ол Елбасының бастамасы дер кезінде жасалып отырған, маңызды шешім екенін ескертті.

Ал Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының сектор меңгерушісі Азат Жолдыбаев болса, президенттің бес әлеуметтік бастамасы көпшіліктің үмітін оятып отырғанын айтты.

"Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы бұқара халықтың мәселесін оңтайлы шешіп қана қоймай, болашақта нақты жоспар құруға мүмкіндік берді. Себебі аталған бес бастама халықтың әл ауқатын арттырып, халықтар арасындағы бірлікті арттыра түседі. Оның үстіне президенттің 5 бастамасы жастардың мәселесіне жіті назар аударып отыр. Мәселен, Елбасы 2022 жылға дейін студент жастарды толық жатаханамен қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл өз кезегінде жастардың сапалы білім алып, елге адал қызмет етуіне мүмкіндік береді. Қазіргі таңда Қазақстан халқы Ассамблеясы жастармен қоян-қолтық жұмыс жасауға назар аударып отыр. Өйткені Елбасы айтқандай, жастар еліміздің болашағы болып саналады. Сондықтан да біз жастардың мәселесіне жіті назар аударып, оларға барынша жағдай жасап отыруымыз керек. Өйткені, пайым-парасаты жоғары жастар елімізді әлем елдері алдында жақсы қырынан тасыстырады. Жуырда Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының жиыны өтті. Аталған қозғалыс жаңаша ойлайтын жастардың басын біріктіріп, жұмыс жүргізетін болады" – деді А.Жолдыбаев.

Қазіргі таңда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президенттің 5 әлеуметтік бастамасының екі бағытына жауапты. Бұл туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Бизнес коммуникацияларды мемлекеттік тілде дамыту департаментінің директоры Бауыржан Оразғалиев жан-жақты айтып берді.

 

 

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президенттің 5 әлеуметтік бастамасының екі бағытына тікелей жауапты. Оның біріншісі - кәсіпкерлерге шағын несие беру болса, екіншісі - білім беру мәселесін реформалау. Қазіргі таңда жоғары оқу орындарының білім беру сапасын артыруға атсалысу өте өзекті болып отыр. Мәселен халықаралық әдістемелік тәжірибеге сүйеніп, Білім және ғылым министрілігімен бірлесе отырып 2 мың оқу бағдарламасын зерттеп жатырмыз. Қазіргі таңда 700-ге жуық оқу бағдарламасының сапасын зерттеп, жүйелі жұмыс жасадық. Сондай-ақ IT саласы бойынша зерттеу жүрігізіп, нақты ұсыныстар жасалды. Өзіміздің мамандардың күші жетпегеннен кейін тәжірибелі халықаралық сарапшыларды көмекке шақырып, ақыл-кеңестерін аламыз. Ал «Бастау бизнес» жобасы туралы айтсам, Елбасы әртүрлі жиындарда бұл бастаманы қолдаған болатын. Сондықтан да жүйелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға байланысты 2017-2021 жылдарға арналған 5 жылдық бағдарлама қабылданды. Аталған бағдарлама бойынша 5 жылдың ішінде 135 мың адамды кәсіпкерлікке баулымыз керек. Біз бірінші жылы 15 мың адамды кәсіпкерлікке баулып, оларға қаржы беруге күш салдық», – дейді Бауыржан Оразғалиев.

Сондай-ақ ол қаладан қарағанда ауыл азаматтарының кәсіпкерлікке икемділігі жоғары екенін айтты. Оның үстіне, Үкімет ауыл халқының нақты кәсіпкерлікпен айналысуына жан-жақты жағдай жасап отыр.

Жиында Президенттің 5 әлеуметтік бастамалары туралы мамандар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Сарапшылардың айтуынша, аталған бастамалар еліміздегі күрделі мәселені шешіп, жақсы өмір сүруге мүмкіндік береді.

 

Дата события Ассамблеи: 
Бейсенбі, 29 Наурыз, 2018

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.