ҚХА Төрағасы орынбасары Д. Мыңбайдың Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігінің директоры Т.Хельммен кездесуі

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылдың 22 тамызында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылығының меңгерушісі Дархан Мыңбайдың Конрад Адэнаур атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігінің директоры Т.Хельммен кездесуі өтті.

Кездесуге Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры А. Тараков қатысты. Сонымен қатар,  Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы өкілеттігің жобалар бойынша үйлестірушісі Н. Адамбаева қатысты. 

Кездесу барысында Д.Мыңбай Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылу тарихымен, конституциялық мәртебесімен, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы мақсатымен таныстырды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары мемлекеттер арасындағы сенімді әрі ашық қарым-қатынасты, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев пен Федералды канцлер А.Меркельмен үздіксіз тікелей байланысты атап өтті.

«Германия – Қазақстанның маңызды әрі негізгі әріптестерінің бірі болып табылады. Біздің мемлекеттеріміздің арасындағы диалог сенімділікпен және ашықтықпен ерекшеленеді. ҚР Президенті Н. Назарбаев пен Федералды канцлер А. Меркельдің тікелей байланысы соған дәлел. 2017 жылдың маусым айындағы Германияның Федералды Президенті Франк Вальтер Штайнмайердің ресми сапары екі мемлекет арасындағы одан әрі стратегиялық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталғанын айқындайдыі.

25 жыл ішіндегі Қазақстан мен Германия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасты орнату барысында, біз сенімді және белсенді диалог алаңын құра алдық. Конрад Аденауэр атындағы қормен қарым-қатынас, біздің ойымызша, сол серпінді ұстауға себеп бола алады»- деді Д.Мыңбай.

Қордың өкілдері Қазақстан тәжірибесінің тиімді екендігін және Ассамблеяның ұлтаралық тұрақтылықты және қоғамдық келісімді күшейтуде, республикада тұратын барлық этностардың құқықтарын қорғауға маңызды рөл атқаратынын ескеріп өтті.

Томас Хельм Қазақстанның этносаралық қатынасты гармонияда, ұлтаралық диалог пен бірлікті нығайтуда сөзсіз көшбасшы екендігін баса айтты.

Дата события Ассамблеи: 
Сейсенбі, 22 Тамыз, 2017

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.