«ӘЛЕМ. ХХІ ҒАСЫР» МАНИФЕСІ талқыланды

Версия для печатиPDF versionEPUB version

29 қараша күні Достық үйінде  «25 жұлдызды күндердің»  аясында  Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы «ӘЛЕМ. ХХІ ҒАСЫР» МАНИФЕСІ тақырыбына арналған кездесу өткізді.  

Достық үйінің кітапханасында «Н. Назарбаевтың «ӘЛЕМ. ХХІ ҒАСЫР» МАНИФЕСІ» атты  көрме ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – қоғамның назарын соғысты болдырмауға тағы да бір  аудару. Елбасымыз Н. Назарбаевтың дүниежүзі мойындаған идеясын  насихаттау.

Дөңгелек үстел барысында спикерлер    «Ламед» еврей этномәдени  бірлестігі басшысының орынбасары  Феликс Баюканский, тарих магистрі, М. Өтемісов атындағы БҚМУ тарих кафедрасының оқытушысы Даниял Танзенов, Х.Есенжанов  атындағы  балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапхананың мамандары  Ольга Редькина,  Айжан Айтпаева,  БҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мемлекеттік  коммуналдық кәсіпорыныынң этномәдени бірлестіктермен жұмыс істеу бөлімінің меңгерушісі Рауза Серғалина Елбасы саясаты туралы, соның ішінде  ядролық қаруға тыйым салу және оны жаппай  жою жолында Президентіміз  жүргізіп отырған өркениетті күрес туралы айтты. 

Қазақстан Семей полигонын жауып, алғашқылардың бірі болып ядролық қарудан бас тартты. Президенттің әлемдік қауымдастыққа жаңа бастамамен шығуы – бүгінде әлемнің тұрақсыз  екенінің дәлелі және бағдарламада баяндалған бастамаларды жүзеге асыру үшін барлық адамдардың ауызбіршілігі, ынтымақтастығы қажет десті. Осыны түсіне отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясы Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы мен оның жүргізіп отырған саясатын толықтай қолдайтынын айтып өтті. 

«Қоғамдық келісім» КММ – нің 

баспасөз қызметі

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.