«ӘЛЕМ. XXI ҒАСЫР» МАНИФЕСІ» ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛІ ӨТТІ

Версия для печатиPDF versionEPUB version

29 қарашада Ақтау қаласы «Достық үйінде» Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен «Әлем. XXI ғасыр» атты тақырыпта дөңгелек үстел жиыны өтті. Оған Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы, Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Аналар кеңесінің» өкілдері, облыстық «Ақсақалдар кеңесінің» өкілдері, этомәдени бірлестіктерінің төрағалары мен жастар қатысты.

Мақсаты – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «ӘЛЕМ. XXI ҒАСЫР» манифесі аясындағы бастамаларын және Елбасы жүргізіп отырған саясатын толықтай қолдау, насихаттау болып табылады.

 Маңғыстау облысы «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Джайлханова Амангүл Әбдіғалиқызы қатысушыларға дөңгелек үстел тақырыбы мен маңызын түсіндіріп өтті.  Этномәдени бірлестіктер өкілдері Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Вашинг­тондағы Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитте жария етілген «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі бүкіл әлемді таң қалдырған жаһан жаңалығы болғандығын айтты. «Елбасының бұл шешімінің арқасында дүние жүзі Қазақстанды құрметтеп қана қоймай, үлгі алады», - дейді «Ехпайрутюн» армян ЭМБ төрағасы Айрапет Курдоглян. Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясының кеңесшісі Есберген Іңірбайұлы жастарға өзге мемлекеттердегі соғыстар мен көтерілістерді мысалға келтіре отырып, Қазақстанды әлем ең бейбіт ел ретінде танып отырғандығын айтты.  Жастар жиынға белсене қатысып, өздерінің білетін ақпараттарымен бөлісті. Сұрақтар қойып, қызықты әңгіме-сұхбат өткізді.

АҚШ-тың астанасы – Вашингтон қаласында өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі қорытынды саммит кезінде Қазақстан Президенті халықаралық қоғамдастықты ядросыз әлем құруға, кез келген соғыс түрін болдырмай, оның алдын алуға шақырған өзінің кең көлемді манифесін жария еткен болатын.

Маңғыстау облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз хатшысы

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.