Мектеп-интернатта қайырымдылық іс-шара өтті

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында №7 арнаулы түзету мектеп-интернатында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен этномәдени бірлестіктерінің қайырымдылық акциясы өтті. Оған мектеп-интернаттың оқытушылары мен тәрбиеленушілері, облыстағы этномәдени бірлестіктер мен облыстық ассамблеяның белсенді мүшесі, меценаты Венера Гафурова,  жастар қанатының белсенді мүшесі, жас кәсіпкер Виктория Шек атсалысты. Іс-шарада барлығы 104 бала қамтылды. 

Мерекеге орай интернаттың оқушыларына арналған арнайы қайырымдылық концерт қойылып, «Славяне» қоғамдық мәдени-орталығы» қоғамдық бірлестігінің «Жемчужина» би тобы, татар этномәдени бірлестігінің өнерпазы Динара Серікқызы,  облыстық ассамблея жанындағы жастар қанатының төрағасы Константин Луца, Достық үйінің «Djuli dance» би тобы өнерлерін ортаға салып, балаларға сыйлықтар мен тәттілер таратылды.

Өз кезегінде интернаттың ұжымы ынтымақ пен берекеге толы Наурызда жасап жатқан игілікті шаралары үшін облыстық ассамблея ұжымына алғысын білдірді.

Наурыз – жыл басы, Ұлыстың ұлы күні. Жер арқасы кеңіп, жан-жануарлар, өсімдіктер, күллі тіршілік әлемі жаңарып, қайта түлейтін табиғат мерекесінде қатысушылар бір-бірлеріне құттықтау айтып, ізгі тілектерін арнады.

 

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.