«Менің Елім – Мәңгілік Ел» республикалық жастар акциясы Атырау облысында

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2016 жылғы 15 қараша күні Атырау қаласындағы Құрманғазы атындағы Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Менің елім – Мәңгілік Ел» республикалық жастар акциясы өтті.

Іс-шараға Атырау облысының әкімі Нұрлан Асқарұлы Ноғаев, ҚХА, этномәдени бірлестіктедің мүшелері, мемлекеттік мекемелер, жастар ұйымдары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Акцияның мақсаты - «Мәңгілік ел» жалпұлттық патриоттық идеясы мен оның құндылықтарын қазақстандық қоғамда, әсіресе жастар арасында  ілгерілету, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына еліміздің барлық аймақтарындағы жастардың  қосқан үлесін және жетістіктерін көрсету.

Іс-шара барысында Атырау облысы тарихи-өлкетану мұражайының «Ұлы дала тарихы» атты экспозициялық көрмесі мен Ш.Сариев атындағы өнер мұражайы суреттері, фотосуреттері мен қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды. Ағаштан жасалған қазақ батырлардың бейнелері қонақтар көңілінен шықты.

Акцияға қатысушылар іс-шараға арнайы жасалған «Менің елім – Мәңгілік Ел» қабырғасына   туған еліне, туған жері мен тіліне деген құрмет сезімдерін білдіріп, тілектерін жазды.

 Іс-шараның екінші бөлімі  салтанатты іс-шараға жалғасты. Тәуелсіз Қазақстанның дамуына қосқан үлесін және жетістіктерін көрсетуді мақсат тұтқан бұл іс-шарада атыраулық  жастар үлкен белсенділік танытты.

Салтанатты іс-шараға қатысқан облыс әкімі Асқар Нұрланұлы Ноғаев өз сөзінде:  «Қазақ  елі аз  уақыт  ішінде  тарихта  бұрын-соңды  болмаған табыстарға қол  жеткізді. «Мәңгілік ел» болу- біздің өз қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап, үнемі алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек. Бұл ата бабаларымыздың  сан мың жылдан бергі асыл арманы. «Қазақстан – 2050» Мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол  деген Президентіміз»,- деді.

Облыс әкімінен кейін сөз алған Жас қанаттың белсенділері: жас кәсіпкер, «Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлегі, Тәуелсіздік құрдасы  Медет Байкен, каратэ бойынша спорт шебері, Европа және Казақстан  чемпионы Андрей Котов, Атырау қалалық маслихатының депутаты Нурлан Азаматов, Атырау мұнай және газ зауытының жас маманы Абат Абилхаиров. «Қазақстан халқының тату-тәтті тіршілігі  Елбасы Н.А.Назарбаевтың арқасы екенін атап кетті.  Қазақстан үшін ең қымбат та, ең маңызды да ол - халық бірлігі. Біздің күшіміз бірлікте»,-деді олар  өз сөздерінде.

Іс шара аясында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің III курс студенті, «Тхоньил» кәріс этномәдени бірлестігінің мүшесі, «Жас  Отан» Жастар  қанатының   белсенді  мүшесі  Вероника Ли  Ел­ба­сына облыс жастары атынан үндеу оқыды.

Акция аясында облыстың белсенді жастары «Қазақстан Рес­пуб­ликасы Тәуелсіздігінің 25 жыл­дығына» – «Достижения молодежи «Мәңгілік Ел» к 25-летию Независимости Республики Казах­стан» кітабын  Маңғыстау облысынына салтанатты түрде табыс етті. «Менің елім – Мәңгілік Ел» респуб­ликалық жастар акциясы енді  Маңғыстау облысында жалғасатын болады.

2016 жылғы 4 қарашада  Талдықорған қаласында  бастау алған «Менің елім – Мәңгілік Ел» республикалық жастар акциясы еліміздің барлық аймақтарында жалғасып, ҚР Тұңғыш Президенті күні аясында қорытындыланады.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.