«Менің елім – Мәңгілік ел» республикалық жастар акциясы Сыр елінде жалғасын тапты

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Қызылорда қаласында Қазақстан халқы ассамблеясының Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Менің елім – Мәңгілік ел» республикалық жастар акциясы өтті.

Мерекелік іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов, ҚХА мүшелері, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік мекемелер, этномәдени бірлестіктер мен жастар ұйымдарының өкілдері мен БАҚ қатысты.

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы мен оның құндылықтарын қазақстандық қоғамда, әсіресе жастар арасында ілгерлету, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына еліміздің барлық аймақтарындағы жастардың қосқан үлесін және жетістіктерін көрсетуді мақсат тұтқан бұл іс-шарада қызылордалық  жастар үлкен белсенділік танытты.

Салтанатты іс-шға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов өз сөзінде: «Елбасымыздың бастамасымен жүргізіліп отырған саясаттың арқасында халқымыз жаңа дәуірге қадам басып, «Мәңгілік  елдің» негізін қалады. Еліміздегі ырысты ынтымақ пен берекелі бірліктің арқасында барлық салаларда орасан жетістіктерге қол жеткізіп, халықтың тұрмысы түзелді. Мемлекетіміз қысқа уақыттың ішінде саяси және әлеуметтік салаларда көптеген келелі, белесті кезеңдерден өтті. Екі құрлық тоғысындағы ел Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық етіп, Астана саммитін өткізді, Елбасының «Әлем. 21ғасыр» Манифесі БҰҰ Бас Ассамблеясы мен Қауіпсіздік Кеңесінің ресми құжаты мәртебесін алды. Тәуелсіз Қазақстан халқымыздың азаттық жолындағы сан ғасырлық арманын ақиқатқа айналдырды», - деді. 

Ауқымды жобаның бастау алуынан белсенділік танытып жүрген Максим Споткай  Қазақстан халықының тату-тәтті тіршілігі  Елбасы Н.А.Назарбаевтың арқасы екенін атап кетті.  «Көп этносты Қазақстан үшін ең қымбат та, ең маңызды да ол - халық бірлігі. Біздің күшіміз бірлікте»,-деді ол өз сөзінде.

Акция аясында Сыр елінің белсенділері  Ел­ба­сына облыс жастары атынан үндеу оқыды.

Іс-шара барысында Сыр елінің мақ­та­нышы, II-ші жасөспірімдер арасындағы олимпиада ойындарының чемпионы, Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы, қазақ жастары арасындағы тұңғыш әлем чемпионы, дзюдошы Бауыржан Жауынтаев «Қазақстан Рес­пуб­ликасы Тәуелсіздігінің 25 жыл­дығына» – «Достижения молодежи «Мәңгілік Ел» к 25-летию Независимости Республики Казах­стан» кітабын Атырау облысының өкіліне салтанатты түрде табыс етті. «Менің елім – Мәңгілік Ел» респуб­ликалық жастар акциясы енді Атырау облысында жалғасады...

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.