«Менің елім – Мәңгілік Ел» жастар акциясы Ақтөбе облысында

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2016 жылғы 19 қарашада М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің конгресс холлында Қазақстан халқы Ассамлеясының «Менің елім – Мәңгілік Ел» жастар акциясы өтті.

Іс-шараға Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, облыстық этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері, маслихат депутаттары, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы, «Қоғамдық келісім» КММ-і, бизнес-құрылымдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, студенттер мен қала жастары қатысты.

Іс-шара барысында облыс белсендісі Ербол Шыма Елбасына арналған барша жастардың атынан үндеу оқыды.

Сондай-ақ, Тәуелсіздік құрдастары акция символы -  «Мәңгілік ел» жастарының жетістіктері – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына» кітабы салтанатты түрде   Қостанай облысының өкілдеріне табыстады.

Акция  аясында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған қайырымдылық іс-шаралар ұйымдастрылды.

Облыс әкімі Б.Сапарбаев өз сөзінде ҚХА рөлі, оның ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтудағы қайырымдылық іс-шараларының маңыздылығын атап өтті. Акция қорытындысы бойынша Елбасы атынан облысымыздың мұқтаж жандарына жалпы 7 млн. тенге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетілді, соның ішінді депутаттық корпус атынан  «Парыз» қорына 1 млн. тенге бөлінді.

Облыс әкімі Жасөспірімдер үйіне спорт жабдықтарын алуға 1 млн. тенге көлемінде қаржыллай көмек көрсетіп, балалар үйінің тәрбиленушісі Қалиева Бахытгүлге пәтердің кілтін табыс етті.

Ал облыс әкімі аппаратының қызметкерлері біркүндік жалақыларын Жасөспірімдер үйінің түлектері Пеливан Владимир мен Утешов Русланның есеп шоттарына аудару арқылы тұрғын үй алуға жинақтаған қаражатының жетпеген көлемін толықтырды.

«Жыл басынан бастап барлығы 352 қайырымдылық іс-шаралары өткізілді. Бүгінде осындай іс-шараларға жастардың белсенді қатысқаны қуантады», - деп облысы әкімі Б.Сапарбаев атап өтті.

Жақсылыққа толы жастар акциясы Алға қаласы балалар үйінің тәрбиеленушілерінің әсем әнімен қорытындыланды.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.