«МЕНІҢ ЕЛІМ – МӘҢГІЛІК ЕЛ» ЖАСТАР АКЦИЯСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Кеше,  2016 жылғы 28 қарашада Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Менің Елім – Мәңгілік Ел» атты жалпыреспубликалық жастар акциясын қорытындылау рәсімі салтанатты түрде өтті. Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған. 

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚХА мүшелері, қоғам қайраткерлері, Астана қаласының этномәдени бірлестіктері мен студенттік қауымның өкілдері қатысты.

Акцияның мақсаты – жастарды Елбасының бейбітшілік пен келісім саясаты төңірегінде жұмылдыру, Бес институционалдық реформа мен «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін қолдау.   

Акцияның нышаны «Мәңгілік Ел» жастарының жетістіктері – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына» - «Достижения молодежи «Мәңгілік Ел» к 25-летию Независимости Республики Казахстан» атты кітап жастардың жақсы істеріне толып, Астанаға жеткізілді.

Сондай-ақ, аталған кітапта «Мәңгілік Ел» патриоттық идеясының біріктіруші рөлін көрсететін, өңірлердің Тәуелсіздік жылдарында жеткен толағай жетістіктері туралы жастардың Елбасыға арналған үндеулері жинақталған.

Бұл акция ағымдағы жылдың 4 қарашасында Талдықорған қаласынан бастау алып, еліміздің барлық өңірлерінде болып өтті.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.