«Менің елім – Мәңгілік ел» жастар акциясы Оралда

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ұйымдастырылып жатқан «Менің елім – Мәңгілік ел» атты жалпы республикалық жастар акциясы Орал қаласында жетті.

«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының ғимаратында ұйымдастырылған салтанатты іс-шарада облыс әкімінің орынбасары Бағдат Азбаев сөз алып, ауқымды акцияның ел идеологиясын дамытуда маңызы зор екенін, мемлекетті көркейтетін жастардың болашағына сенетінін айтты.

Іс-шараға қатысқан ҚР Парламенті Мәжілісі V-шақырылымының депутаты Егор Каппель ізгі лебізін мемлекеттік тілде бастап, жастарға «ақ жол» тіледі.

«Жастар Отанын шын жүрегімен беріле сүюі тиіс. Бәріміз бір болуға ұмтылып, татулық пен тұрақтылықты нығайта түскеніміз абзал. Бүгінгі таңда жастар бәсекеге қабілетті болуы үшін, алдымен, мемлекеттік тілді білуі керек. Бүгін еліміздегі жастардың 73 пайызы қазақ тілінде емін-еркін сөйлеседі. Сонымен қатар Қазақстанның тарихын терең білуге ұмтылыңдар. Біз – қазақстандықтармыз. Бұл сөздің түбірі «қазақ» деген сөзден шыққан. Әлемде қазақтан асқан ешқандай менталитет жоқ. Біздің халықтың мәдениеті өте керемет. Мемлекеттің әрбір тұрғыны, оның ішінде, өзге ұлт өкілдері де қазақтың ата-бабаларымен мақтана білуі керек. Себебі олар байтақ та көркем атамекенді бізге табыстап кетті», – деді өз сөзінде Егор Каппель.

 «Мәңгілік Ел» болу – ата-бабаларымыздың арманы  болған. Сол ұлы мақсатымызға қол жеткізіп отырған сендер мен біздер. Біз ежелден жалғасып келе жатқан ұлттық тәлім-тәрбиенің, ізгі өнегенің шарапатын жастардың бойынан іздейміз. Тәуелсіздік алғалы шекарамызды бекіттік, әскерімізді нығайттық. Бүгінде керегеміз кең, шаңырағымыз биік», – деді «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы штабының жетекшісі, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің халықаралық қатынастар кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Әміржан Әлпейісов.
Сондай-ақ, акция барысында  ҚХА мүшесі,  БҚО ҚХА жастар қанатының көшбасшысы Игорь Спиридонов, Ақжайық аудандық мәслихатының депутаты, Тәуелсіздіктің  құрдасы Біржан Кухаев, самбо күресінен спорт шебері Серікбай Нағымов, М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың студенті Мәдина Құрбанова ізгі тілектерін ортаға салды.

Ал «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының облыстық филиалының төрағасы Нұрғали Жолдасқалиев жалпы республикалық жастар акциясына қатысушылардың атынан  Елбасыға арнаған Үндеуді оқыды.

Акцияның символына айналған ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Мәңгілік Ел» жастарының жетістіктері» кітабы Ақтөбе облысы жастарына салтаннатты түрде табысталды.

Ауқымды іс-шара облыстағы өнерлі жастардың қатысуымен өткен мерекелік концертпен аяқталды.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.