«Менің табысымның тарихы – елімнің табысының тарихы» шығармашылық кездесуі

Версия для печатиPDF versionEPUB version

 

 

«Менің табысымның тарихы – елімнің табысының тарихы» шығармашылық кездесуі

 

2018 жылғы 11 мамырда сағат 14.30-да Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасын жүзеге асыру шеңберінде «Менің табысымның тарихы – елімнің табысының тарихы» атты шығармашылық кездесу өтті.

Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Л.Прокопенко, ҚХА Төрағасының орынбасары И. Салжанов, Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы директорының орынбасары А. Рахымжанов, «100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздары Н. Жолдыбалин, Н. Дементьева, М. Чернуцкий, ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының, «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, студенттер мен мектеп оқушылары қатысты.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы директорының орынбасары Әмірхан Рақымжанов:

«Өз сөзінде Леонид Прокопенко «Қазақстан халқы ассамблеясы мен Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы алдағы уақытта «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасын жүзеге асыратынын айтты.

Бүгінгі іс-шара – сол жоба жеңімпаздарының қоғамдық жұмыстарының жүзеге асырылғанының нақты көрінісі.

Қазіргі таңда «100 жаңа есім жобасын» қазақстандық арманның іске асуы, жаңғыру жұмыстарының нақты нәтижесі, ел экономикалық мүмкіндіктерінің шексіздігін көрсететін шынайы баға деп сипаттар едім» деді.

Іс-шара жастар арасында ел дамуына өзіндік үлес қосып, табысқа қол жеткізген тұлғаның бейнесін ілгерілетуге бағытталған. Кездесуде «100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздары қатысушыларды өз жетістіктерімен таныстырады, практикалық тәжірибелерімен бөлісіп, сұрақтарға жауап бері.

Сондай-ақ, іс-шара шеңберінде «Буксроссинг» флешмобы өтеді, оның барысында қатысушылар өз пікірі бойынша ең қызықты кітаптармен алмасты.

 

 

 

 

 

Дата события Ассамблеи: 
Жұма, 11 Мамыр, 2018

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.