Нәзік әлемді құтқару...

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Көкшетау қаласының Қоғамдық келісім сарайында 2016 жылғы 29 қараша күні Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының мүшесі, Чернобыль АЭС апатының салдарын жоюға қатысушы, «Ақмола облысының Евангелистік-Лютерандық приходы» жергілікті діни ұйымының уағызшысы Эвальт Красовскииймен кездесу өткізілді.

Ағымдағы жылдың 29 қарашасы – «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 тұғырына» арналған 25 жұлдызды күн аясындағы Н.Ә.Назарбаевтың «Әлем. XXI ғасыр» манифесті жалпыұлттық бірыңғай тақырыптық күні.

Біздің Елбасының үндеуі, оның «Әлем. XXI ғасыр» манифесі дер кезінде қабылданды, себебі ол адамзат бейбіт өмір сүруге қол жеткізу жолында шиеленісті жағдайда тіршілік етіп жатқан кезеңде нәзік әлемді құтқаруға бағытталған.

Эвальт Красовскииймен Көкшетау қаласының студент жастарымен, «Қоғамдық келісім» КММ өкілдерімен, шақырылған қонақтармен, БАҚ өкілдерімен болған кездесу диалогтық алаң үлгісінде өтті.

Құрметті  қонақ аудиторияны қызықтырған сұрақтарға жауап беріп,  Чернобыль қаласы аймағында апат салдарын жоюға қатысқан қиын-қыстау кезеңдердегі қайғылы естеліктерімен бөлісті.

«Чернобыль аймағындағы Сібір әскери аймағында қызмет етіп, механик-нұсқаушы, танк жүргізуші маман ретінде алты рет станцияға бардым. Радиациялық өлшеуіш құралдары шамасынан асып, бізді былайша айтқанда, алақандай мәрлі матадан жасалған байлауыштар құтқарды. Ауызымдағы қышқыл-тәтті дәм мен радиацияның салдарынан болған басымның айналуы әлі есімде. Менің жолым болды, себебі мен темекі шекпейтін едім. Темекі шеккен менің бір досым радиацияның ықпалынан жұтқыншақ күйігіне ұшырады», - деп   Эвальт Красовский есіне алды.

Кездесу қорытындысы Ақмола облысы әкімінің аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Мұнарбек Батырхановтың алғыс хатын және бағалы сыйлығын құрметті қонаққа табыстауға ұласты.

1986 жылдың 26 сәуірінде Чернобыль АЭС болған апаттың тарихта болған үлкен радиациялық апат екенін ескертіп өткен жөн. Сынақтардың барысында қызметкерлердің жөнсіз әрекеттері салдарынан және станцияның сәтсіз құрылымдық ерекшеліктерінен энергия блогында жарылыстар орын алып, олар Украина, Белоруссия, Ресей және Еуропаның басқа мемлекеттерінің аймақтық бөліктерінің ластануына алып келді. Радиобелсенді бұлттар күллі әлемді шарлады. Апаттың салдарын уақытында жоюдың арқасында екінші, әлдеқайда қуатты жарылыстың алдын алу мүмкін болды.

 «Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.