Отбасы құндылықтарын насихаттау және жетімдерді болдырмау мәселелері

Версия для печатиPDF versionEPUB version

31 қазан күні «Ана мен бала» қоғамдық қоры Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы және «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен бірлесе «Отбасы құндылықтарын насихаттау және жетімдерді болдырмау мәселелері» атты дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараға М.Тынышпаев атындағы ҚазККА Ақтау көлік колледжінің студентері, мектептегі социолог-педагогтар мен ішкі істер департаментінің қызметкерлері қатысты.

Дөңгелек үстел аясында ұйымдастырушылар жастарға отбасын құрудан бұрын, оны сақтап қалу маңыздылығына тоқталды. Жастардың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап беріп, танымдық видеороликтер көрсетті.

- «Қазіргі таңда шаңырақ көтеріп жатқан жастар көп, алайда ажырасып жатқандар да жетерлік. Сондықтан мұндай жиындарды жастармен жиі өткізу керек. Өйткені, отбасы қоғамның негізгі бөлшегі ретінде адам құндылығының сақтаушысы. Отбасының арқасында мемлекет те нығаяды және дамиды, халықтың дәулеттілігі артады», – дейді «Ана мен бала» қоғамдық қорының басшысы Шакенова Даметкен.

Дата события Ассамблеи: 
Дүйсенбі, 13 Қараша, 2017

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.