«Отбасы – мемлекеттің негізі»

Версия для печатиPDF versionEPUB version

1994 жылдың 15 мамырынан бастап күллі әлемде Халықаралық отбасы күні мерекесі тойлануда. Ол өте маңызды мереке, сол себепті Станционный қалалық модельдік кітапханасында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің бастамасымен «Отбасы – мемлекеттің негізі» атты бенефис – шоу өткізілді.

Көкшетау қ. №7 орта мектебінің акт залында қаланың тұрғындары мен қонақтары, оқушылар осы жылдың наурызы айында он жылдық мерейтойын атап өткен «Шаңырақ» атты отбасылық оқыту мен тәрбиелеу клубының мүшелері жиналды.

 Аналар кеңесінің төрайымы Зере Қиықова жиылған қауымның алдында сөз сөйлеп, отбасының, балалардың, отбасылық құндылықтар мен дәстүрлердің әрқашан да біздің қоғамымыз бен мәдениетіміздің негізі болып қала беретінін айтып өтті. Аналар кеңесі осы бағытта үлкен жұмыс атқаруда: кездесулер, шебер-сағаттар, акциялар, дөңгелек үстелдер облыс орталығы отбасыларымен жұмыс істеудің ажырамас бөлігіне айналды. мектептің базасында қыздар клубын ашу туралы Зере Еспайқызының ұсынысы зор құрметке бөленді. Аталмыш клубтардың мақсаты жас қыздарды, болашақ аналарды ұлттық дәстүрлер рухында тәрбиелеу болып табылады.

Іс-шараны учащиеся средней школы № 18 орта мектебінің оқушылары «Әпке» атты шағын қойылыммен ашып, отбасылық дәстүрлер мен салттарды кеңінен аша білді.

Іс-шараның құрметті қонақтары, әрі қатысушылары арасында көп балалы Ахмедьяровтар отбасы, жас Жарқынбай мен Ғабдуллин-Альман Шаймерденовтер отбасы, Донченко – Самусенко отбасының еңбек династиясы болды. Олар өздерінің отбасылық салттары мен аспаздық дәстүрлерін көрсетті. Көкшетау қ. ҚАКЖ мамандары мерекені ұйымдастыру мен өткізуге баға жетпес көмек көрсетті. Станционный ауылының әкімі Есей Байдалин аталмыш іс-шараны жыл сайын өткізуді ұсынды, ал «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Манат Исмағұлов іс-шараның барлық қатысушыларына естелік сыйлықтарын ұсынды. Ол отбасы құндылықтары фундамент екенін, және сол себепті әрбір ата-ананың әлеуметтік белсенді және саналы тұлға тәрбиелеу үшін махаббат пен мейірімділік жағдайын құруының маңызды екенін атап өтті.

ТАТЬЯНА ПЯТКОВА,

«Қоғамдық келісім» КММ

бөлім басшысы

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.