Рождество-игілік пен әділдікті қолдаушы

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Астана қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұртшылықты Рождество мерекесімен құттықтап, Кирилл мен Мифодия атындағы Рухани орталығында Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясы Елшілігінің қолдауымен балаларға арналған рождестволық шырша өткізілігенін мәлімдейді. Тағылымдық мәні бар шараны жоғары деңгейде өткізуге «Лад» республикалық славян қозғалысының Астана филиалы және «Дала казактары одағы» қоғамдық бірлестігі атсалысты.

Бұл кеште 200-ден аса балалар интерактивті бағдарламаға негізделген ойын мен байқаулар желісінде мультипликациялық фильмдердің кейіпкерлерін тамашалай алды. Мерекелік іс-шара қорытындысында барлық балаларға жаңа жылдық сыйлық табыс етілді.

Елордалық «Оберег» украин қоғамы» қоғамдық бірлестігінің өкілдері SOS балалар ауылының жасөспірімдеріне сыйлықтар беруді ұйымдастырды. Іс-шараның жарқын жалғасы ретінде этномәдени бірлестіктердің әзірлеген әдет-ғұрыптарға қатысты олжа алу сайыстары мен концерттік бағдарламасы көпшілік көңілінен шықты. Отбасылық құндылықты дәріптеген осы мереке расымен де ешкімді бей-жай қалдырмады.

7 қаңтарда Виктор Иванов атындағы казактардың «Станичники» хоры халық әуені «Рождество мерекесі» бойынша мағыналы концерт өткізді. Бұл мерекелік концерттік бағдарламаға «Лад» республикалық славян қозғалысы Астана филиалы казак жексенбілік мектебінің оқушылары және «Радима» беларусь орталығы» қоғамдық бірлестігі шығармашылық ұжымының «Вясёлка» атты ансамблі қатысты.

№6 мектеп-гимназиясында балалар «Злата» болгар этномәдени орталығы өкілдерін құттықтап, олардың рождестволық шыршаны өткізгеніне және жаңа жылдық сыйлықтарды табыстағандарына ризашылықтарын білдірді.

Рождество - Иисус Христостың туған күні, ол басты христиандық мерекелердің бірі болып табылады. Оның басты ұстанымы-қайрымдылық пен тазалыққа бағытталған. Ал жыл сайын этномәдени бірлестіктер өткізіп келе жатқан рождестволық қайырымдылық іс-шаралары қалалық Қазақстан халқы ассамблеясы үшін игі дәстрүрге айналған.

Жалпы, бұл мерекелік іс-шара- елордалық этномәдени бірлестіктердің қызметін жұртшылыққа кеңірек таныстыруға және этносаралық қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға бағытталған.

http://www.astanakelisim.kz/news-kk/rozhdestvo-igilik-pen-adildikti-qoldaushy/

Дата события Ассамблеи: 
Сәрсенбі, 10 Қаңтар, 2018

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.