Рухани жаңғыру: табысқа бастар алты қадам

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Дәл осындай атаумен Мемлекет Басшысының «Болашаққа бастар жол: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жариялануына бір жыл толуына байланысты және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанындағы ғылыми-сараптамалық топтың ұйымдастыруымен «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Наталья Дементьева қатысқан коучинг өткізілді. Коучингтің басты мақсаты «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы атанған нақты тұлғаның мысалы арқылы, қазіргі таңдағы табысты қазақстандықтың образын жасау болып саналды.

Наталья Григорьевна – Көкшетау гуманитарлы-техникалық лицей-мектебінің директоры, мемлекеттік тілді меңгеруге байланысты өткен түрлі деңгейдегі сайыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері, «Казахстан-Кокшетау телерадиокорпорациясындағы қазақ тілін меңгеруге бағытталған:  «Мы научились» (тақырыбы – өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілді насихаттау), «Мың бір сөз» (қазақ тілін үйрету бойынша телесабақтар), «Живой родник» (Қазақстанның атақты қайраткерлері туралы жоба), «Бір шаңғырақ астында» (ҚХАА мен бірлескен жоба), «Танымал» (еңбек адамының образын ашу туралы жоба), «Ақ дастархан» сынды  бірнеше жеке жобалардың авторы, сонымен қоса керемет мотиватор әрі оратор.

Дементьева Наталья Григорьевна коучинг барысында өзінің табысқа жету тарихымен бөлісіп, мемлекеттік тілдегі авторлық жобалардың қалай жасалатындығы жайлы айтып берді. Коучинг қатысушылары Көкшетау қаласының белді ЖОО-ның студенттері және Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанындағы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының мүшелері болды.

Кезедесу модераторы, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің ҚХА кафедрасы меңгерушісінің орынбасары Ардақ Қапышев болса, жиынға қатысушыларға «Қазақстанның 100 жаңа есімі» республикалық жобасында жеңіске жеткен Ақмолалықтар туралы кеңінен айтып берді. Сонымен қатар Қазақстан халқы Ақмола ассасмблеясының жанындағы ғылыми-сараптамалық топ төрағасының орынбасары Анна Свинарчуктің де «Тарихи портреттер» атты тақырыбындағы баяндамасы қызықты мәліметке толы болды.

Кездесу соңында, аталмыш отырысқа қатысушылар дәл осындай кездесулердің жиі өткендігін қалайтындарын жеткізді.

 

 

 

 

 

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.