«Рухани жаңғыру және ұлттық бірегейлік»

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылдың 17 мамыр күні Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының ұйымдастыруымен «Гайдар Алиев атындағы Әзербайжан орталығы» кабинетінде «Рухани жаңғыру және ұлттық бірегейлік» атты дөңгелек  үстел өтті.

Іс-шараға грузин, орыс, кәріс, әзірбайжан этномәдени бірлестіктерінің мүшелері, «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мамандары, университет оқытушылары мен студенттері, БАҚ өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелдің мақсаты- Елбасының «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» атты мақаласында көрсетілген жоспарлар мен басымдықтарын нақты қолдану- ел әлеуетін нығайтуға қуатты серпін беретініне және адами капиталдың дамуына, бірлікті, ұлттық тұтастықты сақтауға, Қазақстанның бәсекеге қабілетілігін арттыруға ықпал ету.

Іс-шараны Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің проректоры Идрисов Саламат Нұрмұханұлы жүргізді.

Президентіміздің мақаласында жүйелі  жүктелген міндеттер талқылап, «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Аман–Турлина Тамара Өтегенқызы, «Иверия» грузин этномәдени бірлестігінің төрағасы Бобохидзе  Зураб  Гедеванович; «Былина» орыс этномәдени бірлестігінің мүшесі Романова Земфира Нажиповна, «Тхоньил» кәріс этномәдени бірлестігінің Жастар қанатының мүшесі Тё  Алина баяндама  жасады.  Іс-шараға қатысушылар өз ойларын ортаға салды.

Еліміздің экономикалық және саяси жетістіктерімізді дамыту жолында рухани қормызды байытатын, болашаққа бағдар жасайтын маңызды бағдарламалық мақаланы талқылауда ашық пікір алысты.

Атырау облысы әкімі аппарытың

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.