Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған шараларға қатысушыларға

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Қазақстанда 31 мамырда менің 1997 жылғы Жарлығыммен бекітілген Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні аталып келе жатқанына 17 жыл болды.

Біздің барша халқымыз үшін бұл күн ерекше тарихи мәнге ие. ХХ ғасырдың 30–40 жылдарындағы жаппай саяси қуғын-сүргін миллиондаған адамдарға қайғы-қасірет әкелді.

Қазақ халқының көрнекті перзенттері – Шәкәрім Құдайбердиев, Ахмет Байтұрсынов, Сәкен Сейфуллин, Мағжан Жұмабаев, Бейімбет Майлин және басқа да көптеген саңлақтарымыз қуғын-сүргін құрбандары болды.

Қатал тоталитарлық жүйенің барлық ауыртпалығын қазақ халқымен бірге жер аударылған 1,5 миллион неміс, поляк, корей, шешен, түрік, грек және басқа да халықтар өкілдері көтерді. Зұлмат заманға қарамастан, барынан айрылған жандар біздің жерімізден жаңа баспана тауып, жан жылуына, түсіністік пен қамқорлыққа ие болды.

Бүгінгі іс-шаралардың қоғамдық келісімнің айрықша институты болып табылатын Қазақстан халқы Ассамблеясының аясында өтіп жатуының терең мәні бар.

Татулық, бірлік және тұрақтылық – бұл Қазақстанның ХХІ ғасырдағы дамуының маңызды принциптері және «2050-Стратегиясының» биік мақсаттарына қол жеткізудің басты шарты.

Бұл мәңгілік құндылықтар еліміздің өркендеуінің сенімді негізі болып табылады.

Тарихымыздың қасіретті беттері, саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандары әрқашан біздің жадымызда және оны ұмытпау біздің қасиетті борышымыз.

 

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.