Статью Главы государства обсудили Совет общественного согласия и Научно-экспертная группа АНК города АстанАстана қаласы ҚХА ғылыми-сараптамалық тобы мен Қоғамдық келісім кеңесі Мемлекет басшысының мақаласын талқылады

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылғы 20 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының күн тәртібіндегі біртұтас тақырыбы шеңбері барысында елорда әкімдігінің қабырғасында Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын талқылауға арналған Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобы мен қоғамдық келісім кеңесінің бірлескен жиыны өткізілді.

Жиын мақсатының қорытындысы Ұлт көшбасшысының мақаласында атап көрсетілген негізгі бағыттар мен міндеттерді түсіндіруге және оны талқылауға арналып, осы мақала бойынша «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасына ұсыныстар дайындау мәселесі сөз болды.

Іс-шараға елордалық ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктер мен БАҚ өкілдері қатысты.

Шығып сөйлеушілер аталған мақаладағы негізгі басымдықтар мен түйіндерге ерекше назар аударып, ұлттық бірегейлік ерекшелігін дамыту маңыздылығын, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының этносаралық сұқбаттасуды құрылымдаудағы рөлін атап өтті.

«Біз өзіміздің мемлекеттің ғана емес, барлық әлем жаһандануының куәгеріміз. Осы жаһандану кезеңі барысында Елбасы біздің мемлекетіміздің нақты жаңғыру бағытын белгілеп берді. Бұл жерде біздің әдет-ғұрып пен салт-дәстүрді сақтауға және латынға көшуге басымдық берілгенін атап өткен жөн»,-деді Астана қаласы қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Ә.К. Әлпейісов.

Ұлттық бірегейлікітің сақталуы мен Қазақстанның эволюциялық жолмен дамуы туралы «Астана-Тұран» университеті инновациялық бизнес және экономика кафедрасының профессоры О.Ж. Әлиев айтып берді. Оның мәлімдеуінше, әрбір қазақстандықтың өзін-өзі ұғынуы біздің еліміздің басты құралы болып табылады.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.