Сұлулық әлемді құтқарады!

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Көкшетау қаласының Қоғамдық келісім сарайында Ақмола облысы әкімінің аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ-нің қолдауымен «Чуваш этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі кестелеу өнерінен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Сұлулық әлемді құтқарады» атты көрме-байқауын ұйымдастырды.

 Іс-шараға Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы халықтық сәндік-қолданбалы өнер шеберлері қауымдастығының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, шақырылған қонақтар белсенді түрде қатысты.

Іс-шараны өткізудің мақсаты –  әйелдердің қолөнерінің (кестелеу) ең озық үлгілерін көрсету арқылы халық дәстүрлерін дәріптеу, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы халықтық сәндік-қолданбалы өнер шеберлері қауымдастығының шығармашылық қызметіне тарту үшін қолөнердің дарынды шеберлерін анықтау.

Көрме қатысушыларының әрбіреуінің жұмысы – адам жанының шығармашылық бөлшегі және сезімге толы жүректің қағысы, махаббатпен кестелеудің қайталанбас туындысы деуге болады. Сонымен қатар, Наталья Красько, Мария Кунавина, Марина Петрова, Елена Тарасова, Альбина Байковская, Валерия Суховецкая, Валентина Кабыляцкая, Наталья Менщикова, Марина Бойченко, Татьяна Бурыкина сияқты кестелеу шеберлерінің шығармашылық жұмыстарын атап өткен жөн.

Іс-шараның барлық қатысушылары қызметтің түрлі салаларында еңбек етеді, бірақ олардың барлығын уақыт өте келе жоғары кәсіби шығармашылық жұмыстардың құрылуына алып келген кестелеуге деген сүйіспеншілік біріктіреді.

Мысалға, егер Марина Петрова өзінің жұмыстарында шығыстың техникасын, суреттемелі тігісті пайдаланып, қайталанбас портреттер, пейзаждар, сюжеттік тақырыптар құрса, Мария Кунавина тор үлгісінде тігу техникасын пайдаланып, тоқыма біздермен және ілгектермен тоқумен айналысады.

Елена Тарасова, Ақмола облысының орыс драма театрының әдеби бөлімінің меңгерушісі бола отыра, сонымен қатар «Қоғамдық келісім» КММ жанындағы «Шаңырақ» мектебінде чуваш тілінің оқытушысы ретінде қызмет ете отыра, үлкен шабытпен, бастырмаларды, күнделікті материалдарды пайдаланып, мұражайлық жәдігерлер түзеді.

Наталья Краськоға сатушы ретіндегі қызметі өзінің сүйікті ісімен айналысуға кедергі болмайды – ол жеті жасынан бастап кестелеумен айналысады. Наталья Менщикованың «борджелло» қолданбалы кестелеу техникасымен орындалған «Халықтар достығы» композияциясын назардан таса қалдыру мүмкін емес.

Өзінің «Девушка в голубом», «Девушка Лето», «Купчиха», «Георгий Победоносец», «Парусники» сияқты жұмыстарында Валентина Кобыляцкая торлап тігу техникасын пайдаланды.

Мұражай жәдігерлері қатарына Марина Бойченконың кестеленген маталарын жатқызуға болады, «Волны», «Шторм на море» жұмыстарында ол моншақтарды өте үйлесімді пайдалана білді.

Білімі бойынша инженер-құрылысшы, өмірінің көп жылдарын Көкшетау политехникалық колледжінің арнайы пәндерін оқытуға арнаған Альбина Байковскаяның шығармашылығына бөлек тоқталып өткен жөн. Альбина Кирилловна өзінің сүйікті ісіне әрқашан уақыт табады – қолөнермен, кестелеумен, тоқумен, сонымен қатар өлең шығарумен айналысады. Альбина Байковскаяның таусылмас ақындық дарыны өз өлеңдерінің 12 жинағын жарыққа шығаруға мүмкіндік берді, ол Халықаралық «Әлем халықтарының өнері» қауымдастығының мүшесі болып табылады.

Іс-шараның қатысушылары «Қоғамдық келісім» КММ-нің естелік сыйлықтары мен дипломдарына ие болды.

Этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдарының музыкалық кәдесыйы Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында ұмытылмас іс-шараға жиналған қауымға керемет көңіл-күй сыйлады.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.