Тарихтан тағылым – өткенге тағзым

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылдың 29 мамыры күні облыстық  Достық үйінің мәжіліс залында Қазақстандағы саяси қуғын-сүргіннің қасіретті зұлматының 80 жылдығына орай «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты дөңгелек үстел өтті.

Ұйымдастырушылар: «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Талдықорған мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және облыстық «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы».

Дөңгелек үстелге қоғам және ғылым саласының өкілдері: тарихшылар, мәдениет қызметкерлері, архивистер, өнертанушылар, БАҚ өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелге «Достық Үйі – Қоғамдық Келісім орталығының» директоры Т.Қасымберкебаев төрағалық етті.

Баяндамашылар: І.Жансүгіров атындағы ЖМУ  профессоры, филология ғылымдарының докторы М.Иманғазинов, Алматы облыстық Ішкі істер Департаменті ақпараттық-аналитикалық орталық бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ж.Тұрғанбекова, «Жетісу» газетінің тілшісі, білім магистры – Қ.Андас, Алматы облысының Құрметті азаматы, «Ұлағат»  ақсақалдар кеңесінің төрағасы С.Гаитова, Қаратал аудандық «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы У.Давлетбаев, І.Жансүгіров атындағы ЖМУ – тарих ғылымдарының кандидаты, доцент – К.Сантаева, Талдықорған қаласындағы Ардагерлер кеңесінің төрағасының орынбасары, ақын, педагог-психолог А.Ерасылов, Талдықорған мемлекеттік архивінің ҚР ҰАҚ құжаттарын пайдалану және ғылыми анықтамалық аппарат бөлімінің басшысы К.Канапиянова.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.