«Тәуелсіздік полюсі» экспедициясының қатысушылары Антартарктидаға жетті

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2016 жылғы 7 желтоқсанда «Тәуелсіздік полюсі» экспедициясының қатысушылары Мағжан Сағымбаев пен Ілияс Ғалымбеков Антарктидаға жетті.

ИЛ-76 ұшағымен 4 сағатқа созылған  ұшуды  «Air Almaty» антарктикалық компаниясы ұйымдастырған болатын. Мұзды континентке экпедиция қатысушыларынан бірінші болып Мағжан Сағымбаев пен Ілияс Ғалымбеков келді. Қалған қатысушылар оларға кейін қосылмақ.

«Бұл эспедициядан біз үлкен әсер алудамыз. Барлық қазақстандықтар үшін ең маңызды күні, Тәуелсіздік күнінде Винсон шыңында еліміздің көк туын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Тәуелсіздіктің 25 жылдығы туларын тігу біз үшін үлкен мәртебе. Біз қазір Қазақстан халқының назарындамыз. Әрине көп нәрсе ауа-райына байланысты. Барлығы ойдағыдай өтеді деп сенеміз. Шыңға шыққан сайын  үлкен эмоционалды сергектікті сезінесің. Бұл әр альпинисттің өмірінде сезінетін ең ыстық 30-40 секунд. Сол алтын секундтар үшін біз өмір сүріп, жаңа мақсат қоямыз», -деді экпедиция тобының жетекшісі Мағжан Сағымбаев.

Ілияс Ғалымбеков өз сөзінде: «Винсон шыңын бағындыру  алдында әрине толқу бар. Өйткені бұл үлкен жауапкершілік.  Біз Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында Оңтүстік Полюс пен Винсон шыңын бағындыру мәртебесіне ие болғанымызды мақтан тұтамыз»,-деді.

Антарктидадағы Юнион Глетчер (Union Glasier) базасында альпинисттер бірнеше күн бойы бейімделуден өтеді. Одан кейін Винсон шыңына (4892 м) көтерілуге байланысты дайындық басталады. 

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.