«Тәуелсіздік Полюсі» экспедициясының қатысушылары Пунта-Аренас қаласында

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Экспедиция қатысушылары Чилидің Пунта-Аренас қаласына келіп жетті. Бұл 100 мыңнан астам тұрғыны бар Жер жарының  оңтүстігінде орналасқан қала.

6 желтоқсан күні Антарктидаға ұшып өтуді ұйымдастыратын ALE (Antarctic logistics expeditions) компаниясы арнайы брифинг өткізді. Компания қызметкерлерінің айтуынша, Антарктида стерильді жер болып табылады. Онда адамның табиғатқа деген әсері минималды. 

Қатысушылар бұл қалада 7 желтоқсанға дейін болып, экспедицияға қажетті құрал-саймандарды алады. Экспедиция бағыты мұзды даладан өтетіндіктен қатысушылар Антарктидадағы 200 километрді шаңғымен өтеді. Винсон шыңына жету үшін  қатысушыларға бір бағыт бойынша 10 күн қажет. Онлайн-трекер жүйесі арқылы спортшыларды іс жүзінде бақылауға болады. Бұл Антарктида алдындағы соңғы пункт.

16 жетоқсан күні қатысушылар Винсон шыңын бағындырып, онда Қазақстан Республикасы, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған туларды тігуді жоспарлап отыр. 

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.