«Ұлттық мәдениет – болашаққа көзқарас» ашық сабағы

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Әр  сенбі сайын Достық Үйінде өткізіліп отырған «Ұлттық мәдениет – болашаққа көзқарас» ашық сабағына химия-биология бағытындағы Н.Назарбаев атындағы зияткерлік мектебінің 8 және 10-сынып оқушылары қатысты.

Ашық сабақтың мақсаты – рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту; Оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.

«Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері Самира Абдуллаева мен Айгүл Төреғалиқызы мектеп оқушыларын қарсы алып Достық үйімен таныстырды. Оқушылар «Достық үйінің» мұражайына саяхат жасап, әр түрлі этнос өкілдерінің ұлттық киімдері мен көрнекі бұйымдарын тамашалады. Сондай-ақ, дәріс соңында оқушылар арасында викториналық ойындар ұйымдастырылып, белсенді қатысушыларға сыйлықтар табысталды.

Дата события Ассамблеи: 
Сейсенбі, 14 Қараша, 2017

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.