Жаңа жылдық қайырымдылық акциясы

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Жаңа жыл қарсаңында елорданың Оқушылар сарайында әлеуметтік көмекті қажет ететін және көп балалы отбасыларға, сондай-ақ айрықша қамқорлыққа зәру жандарға арналған қайырымдылық акциясы өткізілді.

Мерекелік іс-шараны Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы мен  BI Group «Жұлдызай»  корпоративтік қоры бірлесіп ұйымдастырды. Өз кезегінде аталған мерекенің жоғары деңгейде өтуіне елордалық ассамблеяның меценаттары қолдау көрсетті. Бұл мерекені Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы жыл сайын өткізеді.

Балаларды Жаңа жылмен құттықтауға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Н.Г.Микаелян, қоғам қайраткерлері, елордалық этномәдени және жастар ұйымдарының басшылары келді.

Жарқын кеш барысында жасөспірімдердің анимациялық интерактивті бағдарламасына негізделген  мультипликациялық фильмдердің кейіпкерлері бейнеленді. Мұны 300 жас балғындардың тамашалағанын атап өткен жөн. Сонымен бірге, ойындар мен байқаулар ұйымдастырылды.

Театрландырылған жаңа жылдық ертегілік кештің қазіргі заманғы қойылымдары ешкімді де бей-жай қалдырмады. Жаңа жылдық мерекенің қорытындысында барлық балалар Аяз атадан сыйлықтар алды.

Дата события Ассамблеи: 
Дүйсенбі, 25 Желтоқсан, 2017

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.