Жастар Елбасы Жолдауын талқылады

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылдың 18 сәуірінде Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын талқылау-семинары өтті.

Ұйымдастырушылар: ҚР Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ республикалық әдістемелік медиация кабинеті, Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының Қазақстан халқы Ассамблеясының кафедрасы, Алматы қ. әкімі аппараты КММ «Қоғамдық келісім».

Модератор: Альтекова Нұрсәуле Әбдіқадырқызы – республикалық әдістемелік медиация кабинетінің меңгерушісі.

Талқылауға Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының ҚХА кафедрасы меңгерушісінің орынбасары Батталханов Болысбек Заманбекұлы, Альтекова Нұрсәуле Әбдіқадырқызы және Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының 1 курс студенттері қатысты.

Іс-шараны Альтекова Н.А. ашып, жүргізді. Ол қоғамның рухани санасының жаңғыру маңыздылығы жайлы айтып берді, заманауи, әлсіз қарым-қатынастардағы медиацияның маңыздылығын түсіндіріп, медиацияны қолданудың шетелдік және қазақстандық үлгілерін мысалға келтірді. Сонымен бірге, Альтекова Н.А., студенттерге сұрақтар қойып, пікірлерін сұрап, оларды талқылауға белсенді қатысуға тартты.

Студенттер бүгінгі қоғамның санасы мен заманауи қарым-қатынастар тақырыбындағы пікірталасқа өте белсенді қатысты.

Қорытындылай келсек, семинар қарқынды әрі танымды болды. Семинар студенттердің көңілінен шығып, студенттердің бар сұрақтарына жауап берілді.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.