Андрей Сторожук,Т.Г. Шевченко атындағы украин ЭМБ төрағасы

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Мемлекет басшысының Үндеуінде мемлекеттік билік салалары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу бойынша жұмыс тобының құрамына енген құқық саласындағы қазақстандық жетекші мамандардың бірыңғай қорытындыға қол жеткізгені туралы естігеніме қуаныштымын. Қазақстан мұндай қадам жасауға дайын және осы жұмысты Президент өзі бастап берді. Мемлекет басшысы заңнамаларға өзгертулерді енгізу үшін мемлекеттік басқаруда және ел арасында күмән тудырмайтын сарапшылардың кең ауқымын тартты. Бұл әр жаңашылдықтың тиімді жұмыс атқаруының және болашақта келеңсіз жағдайлардың алдын алудың кепілі. Президенттің елге Үндеуін байсалды түрде түсіну керек. Әрине, осындай үлкен өзгерістерді бірден қабылдау оңайға түспейді. Бірақ бұл өзгерістер Қазақстанның қарыштап дамуына зор серпін берері сөзсіз.