Гүлзира Қуатова Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті «Тілдер» кафедрасының аға оқытушысы

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Қазіргі қазақ жазуында қолданылып жүрген әліпбиді латын әріптерімен ауыстыру мәселесіне алаңдаушылық тудырып отырғандар бар. Бірақ бұл болашаққа батыл қадам жасап, елімізді төрткүл дүниеге танытып келе жатқан Елбасының тағы бір маңызды бастамаларының бірі және дер кезінде қозғалған тіліміздің болашағы үшін жасалған ғылыми маңызды шара деп білеміз.

Қоғамды жаңғыртуды әр адам өз санасын жаңғырудан бастауы тиіс. Ал сананы жаңғыртуда латын әліпбиінің алар орны ерекше. Латын әліпбиі бүкіл түркі дүниесін, әлемнің 42 мемлекетінде өмір сүріп жатқан біздің отандастарымыздың, қандастарымыздың басын біріктіретін ортақ әліпбиі болуы тиіс. Дамыған отыз елдің құрамына енеміз десек, оған біз өзіміздің төл жазу, төл әліпбиімізбен баруымыз керек. Елбасының «Мәңгілік Ел» идеясы сол бағытқа жоспарланған жұмыстың жалғасы деуге болады.