Хайруллин Гриф Тимурович Алматы облыстық татар және башқұрт мәдени қоғамы

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Елбасының 12 сәуір күні «Егемен Қазақстан» басылымында жарық көрген «Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру» мақаласы нағыз керек кезінде халыққа жол тартты деп ойлаймын. Себебі, дәл осы рухани жаңғыру мәселесі өте маңызды.

Расында, Президент айтқандай, «еліміз мықты, әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болу үшін» батыстық өмір сүру, ойлау стандарттарын қазақ секілді салт-дәстүрі ерекше халықтарға жаппай еріксіз таңудың болашағы бұлыңғыр. Біз осы тұрғыда ұрпақ тәрбиесін қатаң түрде қадағалауға мойын бұруымыз қажеттілігі анық.

Демек, Рухани жаңғырудың басты шарты – ұлттық кодты сақтай білу деп атап көрсеткендей, ұлттық кодымызды сақтау жолындағы басты құндылықтарымызды насихататуға, қорғап, қолдауға бір кісідей жұмыла атсалысуымыз қажет. Осы тұрғыда қолға алынып жатқан «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламаларды қолдауға, ұлттық салт-дәстүрлерімізді, қастерлеу керектігін бір ауыздан қолдаймыз.