Лилия Ким, Қазақстан корейлері қауымдастығының Қарағанды филиалының төрайымы

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Этномәдени бірлестіктердің барлық жұмыстары, ең алдымен ұрпақтар сабақтастығына - аға буынның тәжірибесін жастарға беру мәселелеріне бағытталған. Бұл өскелең ұрпақты тәрбиелеу үшін маңызды шарт болып табылады. Біздің ұйым 1989 жылы құрылған, біздің жұмысымыз негізінен тәлімгерлікке, ұрпақтар сабақтастығына бағытталған. Бүгін біз осы жұмысты жалғастырудамыз, жастардың бойында өздері үшін және ел үшін, біздің тәуелсіз республикамыздың болашағы үшін жауапкершілік сезімін тәрбиелеуге талпынамыз.

Өткенге ой жүгіртсек: Тәуелсіздіктің 26 жылында қолымыз неге жетті? Елбасының дара басшылығымен біздің халқымыз орасан жұмыс атқарды. Иә - біз саналуанбыз, иә - біз түрлі тілде сөйлейміз, бірақ біз - Қазақстанның біртұтас халқымыз. Бізде жалпы қазақстандық бірегейлікті көрсетіп, өз мәдениетіміз бен салт-дәстүрлерімізді, тілімізді дамытуға барлық жағдай жасалған.

Қазақстандықтар - бірегей ұлт, біртұтас ұлт, біз әр этностың үздік қасиеттерін жинаймыз және Қазақстан халқының «жалпы қорына» қосамыз. Бұл біздің ең маңызды игілігіміз болып табылады.

Біздің бірлігіміздің жарқын мысалы ретінде соңғы су тасқынына байланысты қайғылы оқиғалар кезінде бірлесіп, қиындыққа ұшырағандарға қайырымдылық көмек көрсетілгенін атап өтуге болады. Осы кезеңде әрбір қарағандылық, әрбір корей өкілі шеттеп қалған жоқ деп ойлаймын. Біз бір елде өмір сүріп жатқандықтан, басқа түскен қиындықтарды бірлесе шешеміз.