Раиса Маденова, Ақтау қаласындағы «Че Сонг» корей этномәдени бірлестігінің төрайымы

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Біздің Президентіміз үш тілді және одан да көп тілді білген дұрыс деп үнемі айтады. Не үшін? Бұл біздің жастарымыз, біздің болашақ ұрпақ шетелдік әріптестермен еркін жұмыс істей алатын болуы үшін, біз өзімізді әлемге таныта білуіміз үшін керек. Кез келген салада: өнеркәсіптік, білім беру және мәдени салада көптілділік өте жоғары бағаланады. Бұл - тәжірибе алмасу мүмкіндігі. Бүгін біздің оңтүстік кореялық әріптестер өздерінің инновациялары мен технологияларын көрсетсе, біздің де әлемге көрсететін жетістігіміз бар: бірінші кезекте, бұл Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен аталатын бейбітшілік пен қоғамдық келісімнің қазақстандық бірегей үлгісі болып табылады.

«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы туралы айтқанда, біздің жастарымызға үлгі болатын адамдар көп екенін атап өткім келеді. Корей этномәдени бірлестігінің бұрынғы төрағасы, бүгінгі форумның қонағы Юрий Цхай - нағыз үлгі болуға лайық тұлға. Менің ойымша, ол кісінің «100 жаңа есім» тізіміне қосылу мүмкіндігі бар.