Салахов Орхан Камил оглы «Достлуг» Әзірбайжан этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары, жастар ұйымының төрағасы

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Қазіргі таңда латын алфавитіне көшу туралы екіжақты ой-пікірлер айтылып жатыр. Латын әліпбиіне өтудің бірден бір жолы ол – өркениетті елдердің қатарына қосылу мақсатында болмақ. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған ойдың маңыздылығы ұшаң теңіз.

Жасыратыны жоқ, Латын қарпіне көшу – орыс жазуынан қашу, құлдық санадан айығудың бір амалы ретінде қаралады. Латын алфавиті негізінен көршілес өзбек халқының байырғы қолданып келген тілінің бірі. Бұл тілдің біздің халқымызға оңайға соқпақ түрі бар. Латын әліпбиіне көшу - әлемдік ақпарат кеңістігіне өтуге, жоғары технологияны игеруге, елдің тұрмыстық деңгейін көтеруге ең ұтымды жол болмақ.

Тәуелсіз мемлекетіміздің жаһандық деңгейде дамуына жол ашатын латын әліпбиіне көшудің ғаламат жағдайы туып отыр. Ендеше, ұлтты біріктіруші Ана тіліміздің барша қазаққа таныс «тымағы мен тонының» болуы аса маңызды.