Жолмурат Сайтов, «Аллаяр жолы» қарақалпақ ЭМБ төрағасы

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Мен Қазақстан Республикасының азаматы ретінде билік тармақтары арасында өкілеттіліктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Елбасының шешіміне толық қосыламын. Барлығымыз да Елбасының еліміздің көркеюі мен өсіп-өркендеуі жолында тер төккеніне куәміз, енді заманымыздың өзгерістеріне орай, біз де өзгеруге тиіспіз. Елбасы өзінің бірқатар өкілеттіктерін биліктің атқарушы және заң шығарушы тармақтарына беру бастамасын көтерді, меніңше, бұл батыл қадам. Сол себепті де басқару жүйесін жаңғырту бағытындағы жаңа реформа біздің мемлекетіміздің тарихындағы басты шешімдердің бірі болады деп сенемін.