Сұлтанов Қуаныш Сұлтанұлы

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Ырыс  алды – ынтымақ

Бабалардан мұра болып қалған «Ырыс  алды – ынтымақ» деген мақалдың маңызы бүгінгі жаңа дәуірдегі өмірімізде артып тұр. Қазақстан халқының қоғамдық ынтымақтастығы, бірлігі,  ұйымшылдығы, жасампаздығы біздің тәуелсіздігіміздің, жалпы қазақстандықтардың ең басты құндылықтарының бірі  екендігіне ешкімнің күмәні болмас. Осы жолда Қазақстан халқы Ассамблеясының атқарып  жүрген қызметі де біздің бүгінгі өміріміздің айнасы. Қандай да реформалар, жетістіктерге қол жеткізу үшін қоғамның бірлігі, өзара түсіністігі керек. Біз тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап  халқымыздың ерекшелігі де, қоғамдық жауапкершілігі де осы мәселелерді түсінумен байланысты. Ширек ғасырда  қандай да бұрын соңды болмаған  жаңа жетістіктерге қол жеткізе алдық.  Еліміздің, мемлекетіміздің алдында тұрған дамуымызға, халықтың тұрмысын жақсартуға, әлеуметтік көрсеткіштеріміздің жаңа мақсаттары сапалы өмірге қол жеткізуге байланысты  мәселелердің барлығы халықтың еңбегімен, ықылас, ынтымағымен келеді.  Ұлттық бірлігіміздің нәтижесі деуіміз керек.

 Міне, осы жолда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  халық мүддесінде ұсынылып отырған бағдарламаларына  қолдау көрсетуде Қазақстан Халқы Ассамблеясы, оның белсенділері көп келелі іске бастамашы болып жүр. 

Ассамблея жылдан жылға қоғамдағы өзінің белсенділігін көрсетіп, еліміздің жақсылығына,  игілігіне үлесс қосқысы келетін адамдардың  да саны көбейіп келе жатыр. Бұл өте ізгілікті шаралар деп есептеймін. Ассамблея бірлік институты ретінде  Конституциядан да өзінің лайықты орнын тапты.  Осылай болуы, сондай-ақ Ассамблея өкілдерінің Парламентке депутат болып сайлануы, мемлекеттік құрылымның игілікті  жаңалығы.  Дүние жүзінің көптеген мемлекеттерінде біздің Ассамблеяның жаңалықтарына  үлкен қызығушылық білдіруде.  Біздің ең негізгі қандай да экономикалық қиындықтарды еңсеру,  не болмаса болашақ  стратегиялық дамуымыздың барлығы алдымен халықтың санасымен, жоғары жауапкершілігімен, бірлігімен байланысты. Бұл тұрғыда Ассамблеяның өзі өте жүйелі жұмыс жасап жүр. Жыл сайын Ассамблеяның кезекті сессиясы өткізіледі. Сол Ассамблеяның кезекті сессиясынан кейін Ассамблеяда қабылданған шаралар жергілікті жерлерде үлкен  дамумен әрі қарай жүзеге асырылады. Міне осының барлығы біздің қоғамның ерекше   келбеті, ерекше мүмкіндігі болды.  Сондықтан да Ассамблеяның болашақта  біздің мемлекетіміздің одан әрі  ізгілікті сондай қоғам құруға, құқықтық қоғам құруға атқаратын ролі дами береді деп ойлаймын.