«Тілдарын» тілдерді оқыту инновациялық технологияларының әдістемелік орталығы

Версия для печатиPDF versionEPUB version

  

«Тілдарын» тілдерді оқытудың инновациялық технологияларының әдістемелік орталығы 2011 жылы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ қолдауымен құрылды. Оның негізгі қызмет түрі мемлекеттік тілдің қолданыс ауқымын кеңейтіп, алға жылжыту болып табылады.

«Тілдарын» орталығының әдістемелік орталығы тілдерді оқытудың қолданыстағы әдістемелерін сараптау жүргізіп, салыстырмалы талдаумен айналысады және де ҚР аумағында тілдерді оқытудың инновациялық технология-тәсілдерін енгізудің жетекші тіл мамандары мен әдіскерлерінің тәжірибесі зерделенеді.

2012 жылдың басында орталық қазақ тілін жеделдете оқуға арналған «Тілдарын» жаңа әдістемесін жасап шығарды. Қазақстандық әдіскерлер мен ресейлік тіл маманы Дмитрий Петровтың тәжірибелік амалдары қолданылды. «Тілдарын» әдістемесі әр түрлі топтарда табысты сүзгіден өтті – шетелдік елшіліктер мен этномәдени бірлестіктер өкілдері, ұлттық компаниялар мен мемлекеттік мекемелер қызметкерлері, өзге де тиісті тараптар.

Бүгінгі таңда Қазақстанның 8 облысынан 380 әдіскер мен оқытушы «Тілдарын» әдістемесін енгізу бойынша семинар-курстардан өтті. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен бірлесе отырып, оқытудың интерактивті тәсілдерін кәдеге жаратқан күйде, тілге машықтандыру сабақтары жүргізілуде. Орталық Түркиядағы «Ықпалдастық: тіл, мәдениет, салт-дәстүр» халықаралық жобасының бастамашысы болып, онда 500-ден астам қатысушы «Тілдарын» әдістемесі бойынша оқудан өтті, этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісім мәселесін талқылап, ғылыми және әлеуметтік маңызды жұмыстар байқауына қатысты.

ҚР жетекші жоғары оқу орындарымен (Назарбаев университеті, Еуразия ұлттық университеті, С.Сейфуллин атындағы аграрлық-техникалық университет және т.б.) өзара ынтымақтастық жайлы меморандумдар жасалды. Көптілділік бойынша сынақ аясында профессорлық-оқытушылық құрам үшін семинарлар мен тіл тренингтері өткізілді. ҚР қосымша білім берудің оқу-әдістемелік орталығымен, «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығымен, Еуропа білім беруді дамытудың халықаралық қауымдастығымен, Мәскеу мемлекеттік тіл университетімен бірлескен іс-шаралар жүргізілуде.   

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті, оқу құралынан, жұмыс дәптерінен және әдістемелік құралдан тұратын «Тілдарын. Қазақ тілі» А1 деңгейлі оқу кешенін шығаруда.

Әдістемелік орталық адамдардың кең ауқымын оқытуға қызметтер мен өнімдер жиынын түзіп, басып шығаруға дайындауда. Бұл – «Қазақ тілі. Тілдарын. А-1» оқу кешені, «Қазақ тілі. Тілдарын. А-1» электрондық оқулығы, «Қазақ тілі. Тілдарын. А-1» бейне сабақтар жиынтығы (16 сабақ), оқу құралына тіл иелері жағдайына қатысты бейне жазбалар (160 жағдай), 16 дыбыстық сабақ, біртіндеп игерудің онлайн курстары, веб-портал арқылы арақашықтық оқыту, іРаd пен Android ұтқыр қосымшасы.