Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының аясында «Тілдерді үйретудің инновациялық тәсілдері» семинар-тренингің хроникасы. Екінші күн.

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Семинар-тренингтің екінші күні «Тілдарын» тілдерді жеделдете оқытудың инновациялық технологияларының әдістемелік орталығының әдіскері Әлиева Баянның дәрісі өтті. «Тілдарын» әдістемесінің басты ерекшелігі – ол ықшамдылық, комбинаторлық, мәліметтерді беру тәсілдерінің интерактивтілігі, тіл кедергісінен жылдам өту, базалық курсты өткен соң базалық деңгейде еркін сөйлесу» - деп атап айтты.

«Аталмыш әдістеме Қазақстанның белгілі практик тіл мамандарының және лингвистердің тәжірибелері бойынша дайындалды. «Тілдарын» әдістемесін әдісін қолдану оңай тәсілмен фразеологиялық қорды молайтуға және «тіл тосқауылын» жеңіл өтуге мүмкіндік береді. Қазақ тілін кезең-кезеңімен меңгеру қай деңгейден басталғанына тәуелсіз келе-келе сөз қорының деңгейін жоғарлатады. Әр кезең соңында лексикалық қор 5 есеге дейін көбейіп отырады. Қазақ тілін меңгерудің ұсынылып отырған әдісі интерактивті ойын тәсілдерін және мнемотехника әдісітерін қолданудың арқасында дәстүрлі оқытулармен салыстырғанда меңгеру уақытын бірнеше есеге арттырады» - деп өз ойын тұжырымдады.

Сонымен қатар, семинар-тренингтің қатысушыларына өздігімен  және аудиторияларда оқып үйренуге болатын оқу құралдары ұсынылды.

Сондай-ақ, Алматы қаласындағы Достық үйінің қазақ тілінің оқытушысы-әдіскер Өзбекова Гүлмира өзінің «9+» мемлекеттік тілді үйрету әдістемесін таныстырды. Практикалық және тілдерді жеделдете оқытудың әдістемелерін ұсынатын дидактикалық материалдарды көрсетті. Гүлмира Өзбекқызы семинар қатысушыларына кестелер арқылы ойын түрлерін қолдана отырып, қазақ тілін үйренудің әдісін ұсынды.

Шара барысында, ҚХА жылының аясындағы «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы бойынша қазақ тілін үйрету курстары ұйымдастырылды. Оған Қазақстанда тұратын этностардың балалары қатысты. Бұл жоба түрлі этникалық топтардың мектеп жасына дейінгі балаларға және мектеп оқушылары мемлекеттік тілде фильмдер мен мультфильмдер көреді, шығармашылық жобалар қорғайды, театрландырылған қойылымдар көрсетеді, конкурстар мен сайыстар арқылы қазақ тілі мен мәдени ортасына бой үйретіп, мемлекеттік тілді меңгеруіне, қазақтың тарихы мен мәдениетін, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын бойына сіңіруіне мүмкіндіктер береді.

Семинар-тренингтің қортындысы бойынша пікірталас алаңы ұйымдастырылып, оған «Ұлытау» жобасының ғылыми жетекшісі Дос Көшім жетекшілік етті. Пікірталас барысында мемлекеттік тілдің бүгіні мен болашағы және оның статусы, Қазақстан Республикасында тұратын этностардың тілдері төңірегінде өзекті мәселелер талқыланды.