Қазақстан халқы Ассамблеясы

Латиф Айдаров: Біз үшін Қазақстаннан өзге Отан жоқ

Тәуел­сіз Қа­зақстанда этносаралық қаты­нас­тардың қазақстандық моделін қалып­тастыру – бұл тың көзқарас. Елдегі түрлі жағдайға қарамастан біз бірлікті сақтаймыз. Бұл үрдіс бұған дейін де еш үзілмеген. Дәл солай ары қарай жалғаса беретін болады. Осы тұста еш елде баламасы жоқ Қазақстан халқы Ассамблеясының атқарып отырған ісі ауқымды.

Ассамблеяның міндеті – халық бір­лігін, ынтымақтастығын нығай­ту, қазақстандық қоғамның негізін қалаушы құндылықтар бойынша қоғамдық келісімді қолдау және дамыту. Сондай-ақ, қоғамдағы адам құқығына, бостандығына қысым жасауға бағытталған әре­кеттерге қарсы тұруда мемлекет­тік органдарға жәрдемдесу болатын. Бүгін Ассамблея өзіне артылған міндетті айрықша орындап келеді.

Қоғамның көпэтностылығы, мәдениет пен тілдердің көптүрлілігі біздің артық­шы­лығымызға айналып, елдің дамуына берік негіз болғаны рас. Олай болса, бізді әлем елдері арасында артық етіп көрсетіп отырған Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгінгі күні ширек ғасырдың шыңына шығып отыр. Демек, ел бірлігі мен бірегейлігі, бейбіт күні мен тұрақтылығының орнағанына 25 жыл толып отыр деген сөз.

Мен осы елдің азаматы, күрділер қоғамдық бірлестігінің өкілі ретінде елдегі болып жатқан жағымды жаңалықтарға қуанып, жағымсыз әрекеттерге өзімше кейіп отырамын. Бұл - осы елге сіңіп, бүгінде өз Отанымыз ретінде мойындағанымыздың дәлелі деп санаймын. Ата-бабамыздың бізге көрсеткен үлгісі осындай. Біз бұл үрдісті одан әрі жалғастырып, ұрпақ бойына сіңдірудеміз. Қазақстан халқының мамыражай күн кешіп, ел іргесі аман, тыныш, бейбіт заман болғаны - біздің де тілегіміз.

Өз этносымыздың салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптарын сақтауға, оларды болашақ ұрпаққа дәріптеуге Қазақстанда барлық жағдай жасалған. Осындай жағдай жасап отырған кеңпейіл қазақ халқына, ауадай қажет ауызбіршілігімізді сақтап отырған Қазақстан халқы Ассамблеясына алғыстан басқа айтарымыз жоқ.

Біз күрді халқы нәубетті жылдары қазақ жерін паналадық. Демін ішіне тартып тұрған бұл жылдарда қазақ жері бізден өзге сан түрлі ұлттарды бауырына басты. Міне, содан бері қаншама уақыт өтті?

Бізге Қазақстан құтты қоныс, жайлы мекенге айналды. Біз үшін Қазақстаннан өзге Отан жоқ. Елімізде бүгінгі таңда бірлік пен тәуелсіздік, азаматтық бейбітшілік пен ұлттық келісім, ынтымақтастық, достық қарым-қатынас өз жалғасын табуда. Жастар үшін көптеген пат­риоттық, адамгершілік рухта тәрбиелейтін іс-шаралар өткізілуде.

Мемлекеттің тұтастығы қоғамдағы ұлттың азаматтық бірегейлігінің арқасында мүмкін болып десек қателеспеген болармыз. Бүгінгі таңда отансүйгіштік, мейі­рім­ділік, төзімділік, ауызбіршілік сынды қамиеттерді өсіп-өніп келе жатқан жас ұрпақтың санасына сіңіру – әрбіріміздің борышымыз.

Елбасы айтқан­дай, «Біздің бабаларымыз тірі болу үшін бір болған, біз ірі болу үшін бір болуымыз керек». Бұл дәстүр үзіл­ме­се, ғасырлар бойы көпұлтты мем­ле­кетіміздің тыныштығы тұрақты, қоғамдық тұтастығы мықты бола бермек.

Латиф Айдаров,

Жамбыл облыстық күрділер

қоғамдық бірлестігінің төрағасы

Возврат к списку