Assembly of People of Kazakhstan

ҚХА волонтерлері қозғалысы орталықтары

Достық үйлері базасындағы жұмысының тұжырымдамасы

Кіріспе

Қазақстан халқы Ассамблеясының волонтерлер қозғалысының орталықтары Достық үйлерінің базасында волонтерлікті дамыту жөніндегі міндеттерді шешуге этномәдени бірлестіктер мен азаматтық қоғамның басқа да институттарын тарту бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының (бұдан әрі – ҚХА/Ассамблея) бірыңғай жалпыреспубликалық жүйесін қалыптастыру мақсатында құрылады.
Достық үйлері (бұдан әрі –  Орталық) базасында волонтерлік қозғалыс орталықтарын ашу «Social Assembly» республикалық жастар форумында ҚХА «Жаңғыру жолы» белсенділері көтерген бастамалардың бірі болып табылады.
Бүгінгі таңда волонтерлік қозғалыс азаматтық қоғамның әлеуметтік жауапкершілігінің элементі болып табылады.
Өңірлердегі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылықтарының, «Қоғамдық келісім» КММ және мүдделі тұлғалардың іс-әрекеттерін үйлестіру қажет. Волонтерлер ретінде этномәдени бірлестіктер мен жастар бастамаларының, қоғамдық келісім, аналар кеңестерінің өкілдерін, медиаторларды, мәдениет және спорт қайраткерлерін және т.б. тарту ұсынылады.
Мақсаты
ҚХА-ның волонтерлік қызметі мәселелерін ұйымдастыру мен үйлестірудің бірыңғай орталығын, әлеуметтік бастамалар мен жобаларды іске асыру үшін азаматтық атсалыудың бірыңғай алаңын құру.
Міндеттері
- ҚХА волонтерлік қозғалысының қызметін ұйымдастырудың және үйлестірудің бірыңғай тетігін әзірлеу;
- волонтерлер институтын дамыту;
- әлеуметтік міндеттерді шешуге азаматтық атсалысу дағдыларына баулу;
- ҚХА волонтерлер қозғалысының көшбасшыларын анықтау;
- халық арасында әлеуметтік қызмет пен азаматтық атсалысудың идеялары мен принциптерін тарату.
ҚХА волонтерлік қозғалысының негізгі бағыттары
1) «Бірлік» – әлеуметтік (әлеуметтік бағдарламалар аясындағы қоғамдық-бұқаралық іс-шаралар ұйымдастыру және қатысу, мұқтаждарға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсету, дүлей зілзалалар мен апаттардың құрбандарына көмек көрсету, тарихи рухани және сәулеттік құндылықтарды және т.б. қорғау және қалпына келтіру);
2) «Білім» – білім беру (түрлі пәндер бойынша тегін сабақтар ұйымдастыру, Достық үйлерінде тілдерді оқыту, жетекші мамандардан бизнес тренингтер, цифрлық сауаттылық дағдылары, оқушыларды кәсіби бағдарлау бойынша жұмыс, жоғары оқу орындарына түсу кезінде бірінші курс талапкерлеріне көмек көрсету, тәлімгерлік институтын популяризациялау және т.б.);
3) «Тәрбие» – спорттық (азаматтық ұстанымды қалыптастыру, патриотизмге тәрбиелеу, ел өңірлерінде дене шынықтыру мен спортты дамыту және т.б.);
4) «Келісім» – медиация (даулар мен жанжалдарды шешу, қоғамға әлеуметтік міндеттерді шешуде көмек көрсету).
Қызмет құрылымы
Волонтерлік орталықтар әр өңірдегі Достық үйлерінің базасында құрылады. Орталықтың басшысы (үйлестірушісі) болып өңірлік ҚХА Кеңесінің тәжірибелі мүшесі сайланады.
Волонтерлердің ішінен әр бағыттағы өңірлік және республикалық деңгейдегі үйлестірушілер анықталады.
Орталықтардың қызметін қамтамасыз етуді (волонтерлердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу, хаттарды/сұраныстарды жіберу, іс-шараларды ұйымдастыру және т.б.) өңірлік «Қоғамдық келісім» КММ және «Қоғамдық келісім» РММ жауапты қызметкері жүзеге асырады.
Қатысу тәртібі
Волонтерліктің қағидаты - өз еркімен қатысу. Әрбір тілек білдіруші онлайн-өтінімді келесі сілтемемен тіркеледі, (1-қосымша)

https://docs.google.com/forms/d/16fhkNMcBfRv37F32VNcAhepKT-QeB7iEq_aSo8GCKgA/edit Сұрақтарды volonter_ank@mail.ru эл. поштасы арқылы жіберуге болады.  Волонтердің жұмыс кестесі еркін. 

Бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде ҚХА волонтерлік орталығы барлық қатысушыларға хабарлама жібереді, олар да өз қалауы бойынша іс-шараға қатыса алады.
Волонтерлердің бірыңғай пулын қалыптастыру, тиісті мәселелерді шешуде халықтың қажеттілігін анықтау және т.б. мәселелер бойынша Орталықтың үйлестірушілері ай сайынғы негізде (есептіден кейінгі айдың бірінші жұмыс күніне) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ-ге Орталықтың қызметі туралы ақпаратты (2-қосымша) нысан бойынша ұсынуы тиіс. Ақпараттың жалпы жинағы (өсу бойынша) ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 3-күніне ҚР ПӘ ҚХА Хатшылығына жолданады.
Күтілетін нәтиже
- Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісі негізінде волонтерлік қозғалысты дамыту;
- ҚХА волонтерлерінің тұрақты негізде жұмыс істейтін бірыңғай желісін құру;
- ел бойынша волонтерлер санын арттыру;
- өскелең ұрпақты өз уақытын тиімді ұйымдастыруға, патриотизмге, қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілікке, ынтымақтастыққа, өзара көмек және қайырымдылыққа тәрбиелеу;
- еліміздің шалғай елді мекендерінің мәселелерін шешу.

ҚХА волонтерлер қозғалысының бағыттары бойынша үйлестірушілер, аймақтар бойынша үйлестірушілер тізімін МЫНА ЖЕРДЕН таба аласыз
1) Әлеуметтік – Тимур Джумурбаев (+7 7770516694), ҚХА «Жарасым» жастар ұйымының жетекшісі, ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы төрағасының орынбасары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі;
2) білім беру – Александр Урмашов (+7 7059792267), «Қарағанды медицина университеті» АҚ комплаенс-офицері, «Дакия» румын мәдени қоғамы» қоғамдық бірлестігі жастар қанатының жетекшісі.
3) спорттық – Кайрыев Рустам Абдусаламович (+7 7756333369) , «Қазақстанның ұйғыр жастарының одағы» РҚБ төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі
4) медиациядағы волонтерлер – Әсел Сайлаубай (+7 7712999971), кәсіби медиатор, «Qorgau» Халықаралық медиация және келіссөздер академиясының президенті. 

 ҚХА волонтерлік қозғалысы орталықтарының тұжырымдамасына 1-қосымша

 ҚХА волонтерлік қозғалысы орталықтарының тұжырымдамасына 2-қосымша


TOP NEWS

POLLS

  1. When was the First Republican Forum of Mothers Council of the Assembly of People of Kazakhstan held?
    September 7, 2011  
    0 (%)
    April 24, 2013  
    0 (%)
    November 13, 2014  
    0 (%)