Assembly of People of Kazakhstan

Айлазан. Баклажанды дөңгелектеп кесіп, тұздап, 10 минуттан соң суын сығып алып, жуады да, табаға немесе кастрюльге салады. Мұнан соң текшелеп кесілген шикі картоп, тілімдеп туралған тәтті бұрыш, пияз, талшығынан аршылған көк бұршақ, дөңгелектеп кесілген помидор, туралған көкөніс қосып, үстіне өсімдік майып құйып, тұз салады да, оның үстіне жаңағы тағамдарды қайтадан үстемелеп салып, тағы да өсімдік майы мен бірнеше қасық су құяды. Көкөністің үстін тәрелкемен бастырып, ыдыстың қақпаған жабады да, баяу жанған отқа қойып, дайын болғанға дейін бұқтырады. 500 ғ баклажанға: 500 г картоп, екі жарым бас пияз, 4 ас қасық өсімдік майы, 1—2 тәтті бұрыш, 200 г көк бұршақ, 5 помидор, көкөніс, тұз — татымына қарай.