Assembly of People of Kazakhstan

Әзірбайжандардың сәнді костюмы ғасырлар бойы ерекше өзгере қойған жоқ. Ерлердің киімі көптеген кавказдық халықтардың киіміне жақын, айырмашылықтары пішу және өңдеу бөлшектерінде ғана байқалады. Қолөнерлік матадан кең пішілген шалбар және бөзден тігілген туника тектес қарапайым жейде, архалук деп аталатын шыттан немесе сәтеннен тігілген көкірекше. Костюм елтірі бөрікпен және чарык деп аталатын қолдан жасалған шылғи аяқ киім мен жүн байпақпен аяқталады. Сонымен қатар чоху және қысқы тон – кюрк болады. Сол уақыттағы әзірбайжан әйелдерінің киімінде түстік үйлесімде ашық бояулар басым болды. Әйелдер киімінің негізгі элементтері бөзден, шыттан, сәтеннен және жібектен тігілген туника тәріздес қысқа жейде, сонымен қатар 6-12 тік матадан тігілген кең пішілген ұзын етекті бүрмелі белдемше болған. Шаштары қап тәрізді бас киімге жиналып, сыртынан жергілікті қолөнер өндірісінің жібек орамалын жамылған. Аяқтарына қолдан тоқылған жүн немесе жібек байпақ, ал сыртынан – ерлердікіне ұқсас кебіс киетін болған. Әйелдер костюмы зергерлік бұйымдармен толықтырылды, олар бастарына, мойындарына, кеуделеріне, қолдарына тағылатын болған. Әйел адам бөтен кісінің көзінше бетінің төменгі жақ бөлігін яшмаг деп аталатн бас орамалмен жауып ұстайды. Әйелдер киім-кешегінің маңызды бөлшегі – енді, былғарыдан жасалған, тиындармен көмкерілген және күміс тоғасы бар белбеу.