Ақтөбеде XX «Достық әлемі» фестивалі өтті

Ақтөбеде XX «Достық әлемі» фестивалі өтті

Ақтөбедегі облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының Достық үйінде ХХ «Достық әлемі» фестивалі өтті. Әлем мәдениетінің айнасы іспеттес дәстүрлі шара еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің өнерін бір сахнада тоғыстырды. 

Осымен 20-шы рет өткен фестиваль биыл Жастар жылы мен Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай ұйымдастырылды.

Фестивальда Ақтөбе облысының 18 этномәдени бірлестіктері мен шығармашылық ұжымдары сахна төрінде өз өнерлерін көрсетті.

Концерттен кейін марапаттау рәсімі өтті. Өңірдегі этномәдени бірлестіктер мен шығармашылық ұжымдарының ұлтаралық келісім мен татулықты нығайтып, оны одан әрі дамыту жолында атқарып жатқан еңбектері бағаланып, оларға Алғыс хаты мен бағалы сыйлықтары табысталды.

Дата события ассамблеи: 
15.05.2019

Back to the list