Қарағандының Достық үйінің маңайында болашақ аллеяның негізі қаланды: 100 ағаш көшеті отырғызылды

Қарағандының Достық үйінің маңайында болашақ аллеяның негізі қаланды: 100 ағаш көшеті отырғызылды

 

Қарағандының Достық үйінде Қазақстан халқы бірлігі және Ұлы Жеңіс күніне арналған ағаш отырғызу шарасы өтті.

Атап өтейік, акцияны ұйымдастыруға мәслихат депутаты, меценат, аймақтың өркендеуіне үлес қосып жүрген Иван Георгияди бастама жасаған.

 

Бұл күні қарағай, шырша, пирамидалы терек және алма ағаштарынан тұратын 100 көшет отырғызылды. Қатысушылар мұндай шараға қатысу әрбіріміздің қаланың дамуына қосқан үлестері екендіктерін атап өтті. Қазіргі мезгіл ағаштардың тынығатын кезеңі, бұл маусым көшет отырғызып, егілген ағаштардың орнын аустыруға өте қолайлы. Бүгін егілген көшеттердің барлығы Қарағанды ​​қаласының табиғи-климаттық жағдайына бейімделген.

«Бүгінгі шараға әр түрлі этнос өкілдерінің жалындаған жасынан бастап егде тартқан үлкеніне дейін жұмыла қызмет етуде. Бәріміздің басымызды қосып, игі іске себепкер болған - Ассамблея. Бүгінгі отырғызылған жас көшеттер бірнеше жылда гүлденіп, үлкен аллеяға айналатынына сеніміміз мол. Жарқын болашақта бүгінгі қатысушылардың бірі немересін осы баққа әкеліп, өзі отырғызған мәуелі ағашты көрсетеін болар»,- деген ойымен бөлісті корей этномәдени бірлестігінің төрайымы Лилия Ким.       

Back to the list