Бұл күні - 13 мамыр

Бұл күні - 13 мамыр

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қайраткерлік қызметінің жылнамасы.

2005 ж.: Мемлекет басшысы Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында Ақтөбе қаласындағы «Hobas Pipes Kazakhstan» ЖШС полиэфир шыны талшықтарымен күшейтілген құбырлар мен фитингтерді өндіретін зауыттың ашылу салтанатына қатысып, құбыр шығаратын қондырғыны өз қолымен іске қосты.

Осыдан кейін Н.Ә.Назарбаев халық шығармашылығы экспозициясымен танысты, облыстық кітапханаға барып, қаланың зиялы қауым өкілдерімен кездесті.

Жұмыс сапарының соңында Мемлекет басшысы «Жастық! Бақыт! Қазақстан!» ұранымен өткен облыстың студент жастарының слетіне қатысты.

 

2008 ж.: Мемлекет басшысы Қазақстанда ресми сапармен жүрген Тәжікстан Президенті Э.Ш.Рахмонмен бірге Астана қаласының бірқатар нысандарын аралап көрді.

Н.Ә.Назарбаев пен Э.Ш.Рахмон «Сарыарқа» сауда, ойын-сауық кешенінде және Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында болды.

*****

Мемлекет басшысы Литва Республикасының Премьер-министрі Г.Киркиласты қабылдады.

Кездесу барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері, сондай-ақ Литва аумағында инвестициялық жобаларды іске асыруға, атап айтқанда Вильнюс, Каунас және Клайпеда қалаларында үш ірі логистика орталықтарының құрылысын салуға Қазақстанның қатысуы талқыланды.

*****

Мемлекет басшысы Корея Республикасының Премьер-министрі Хан Сын Суды қабылдады.

Премьер-министр Н.Ә.Назарбаевқа Корея Республикасы Президенті Ли Мен Бактың жолдауын табыс етті. Жолдауда Оңтүстік Кореяға ресми сапар жасауға қатысты шақыру бар. Президент шақыруды ықыласпен қабыл алып, өз кезегінде Қазақстанға Ли Мен Бакты да ресми сапармен келуге шақырды.

Кездесу барысында екі ел арасындағы экономикалық өзара іс-әрекет мәселелері, оның ішінде кореялық бизнестің Қазақстандағы жаңа инновациялық өндірістер мен технологияларды құруға қатысуы талқыланды.

*****

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президенті Д.А.Медведевпен телефон арқылы сөйлесті.

Н.Ә.Назарбаев Д.А.Медведевті Ресей Федерациясының Президенті лауазымындағы белсенді қызметінің басталуымен және елдің жаңа Үкіметінің жасақталуымен құттықтады, сондай-ақ алдағы 2008 жылдың 22 мамырында Ресей Президентінің Қазақстанға ресми сапармен келуіне байланысты жекелеген мәселелерді талқылады.

*****

Мемлекет басшысы «М.Х.Мубаракты «Алтын Қыран» орденімен наградтау туралы» №588 Жарлығына қол қойды.

 

2009 ж.: Мемлекет басшысы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Корея Республикасының Президенті Ли Мен Бакпен кездесті.

Шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында тараптар екіжақты сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.

Президенттер қазақстандық экономиканы әртараптандыру жөніндегі жобаларға, әсіресе, ақпараттық технологиялар, машина жасау, химия және қайта өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы мен көлік салаларындағы, сондай-ақ баламалы энергетиканы дамытудағы жобаларға корей бизнесініңқатысуын кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.

Осыған байланысты тараптар өңірлік қауіпсіздіктіңөзекті мәселелерін, ядролыққарусыздану мен жаппай қырып-жою қаруын таратпау проблемаларын, әлемдік қаржы дағдарысын еңсеру жолдарын, сондай-ақ Халықаралық атом энергетикасы агенттігі (МАГАТЭ) мен ЕҚЫҰ аясындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастырды.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша мемлекет басшылары екі елдің стратегиялық әріптестікке әзірлігін айқындайтын Бірлескен мәлімдеме қабылдады.

Сапар аясында Ли Мен Бак Қазақстан Президентіне Корея Республикасының жоғары мемлекеттік наградасы - «Мугунхва» (Мәңгі гүлдеген раушангүл) орденін тапсырды. Өз кезегінде Н.Ә.Назарбаев Қазақстан мен Кореяның достыққатынастарын дамытуға қосқан зор үлесі үшін Корея Президентін Қазақстанның жоғары мемлекеттік наградасы - «Алтын Қыран» орденімен марапаттады.

 

2010 ж.: Мемлекет басшысы қысқа мерзімді демалыста болды.

 

2011 ж.: Мемлекет басшысы Алматы қаласына жұмыс сапары барысында «Алатау» ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағында өткен «Инновациялық Қазақстан – 2020» форумына қатысты.

*****

Мемлекет басшысы өзінің Алматылық резиденциясында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерін қабылдады.

*****

Мемлекет басшысы өзінің Алматылық резиденциясында Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі С.В.Лавровты қабылдады.

 

 

2013 ж.: Мемлекет басшысы халық суретшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Г.М.Ысмайылованың қайтыс болуына байланысты оның отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Кәсіби қылқалам шебері Гүлфайруз Мансұрқызы сурет өнеріндегі қайталанбас туындыларды, соның ішінде халқымыздың ұлы тұлғаларының портреттерін өмірге әкелген.

Ол кино және театр өнерінің дамуына, сондай-ақ танымал опералар мен фильмдердің көркем безен-дірілуіне өлшеусіз үлес қосты. «Қыз Жібек», «Ботагөз» сияқты шоқтығы биік кинотуындыларда негізгі рөлдерде ойнап, елдің шексіз ықыласына бөленді.

Гүлфайруз Ысмайылованың еңбектері бейнелеу өнеріндегі баға жетпес рухани байлығымыз болып қала береді», - делінген жеделхатта.

*****

Мемлекет басшысы Түркия Республикасының Президенті А.Гүлге Рейханлы қаласындағы жарылыс салдарынан көптеген жанның қайтыс болып, зардап шегуіне байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

*****

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының қарулы күштері мүдделерінде әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы бірлескен жұмыстардың бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру туралы келісімді ратификациялау туралы» 2013 жылғы 13 мамырдағы №92-V Заңына қол қойды.

Президент сондай-ақ «Қазақстан Республикасы мен Азия даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімге (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 3 Дәліз жолын реконструкциялау жобасы []«Шымкент-Ташкент» жол учаскесі[] []«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізіне кіреберіс[]) қол қою туралы» №565, «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2012 жылғы есепті бекіту туралы» №566, «Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы» №567 жарлықтарына қол қойды.

 

2017 ж.: Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының астанасы Бейжің қаласына «Бір белдеу, бір жол» Халықаралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін келді.

 

Дереккөз: Akorda.kz

Back to the list