БҰЛ КҮНІ - 20 МАМЫР

БҰЛ КҮНІ - 20 МАМЫР

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қайраткерлік қызметінің жылнамасы.

 

2005 ж.: Мемлекет басшысы Астана қаласында өткен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысына төрағалық етті. 


005.png

Онда мемлекеттік органдармен экономикалық қызмет саласында бақылау-қадағалау қызметтерінің орындалуы туралы мәселе қаралды. 

*****

Сол күні Мемлекет басшысы ТМД елдері арнайы қызметтерінің басшыларын қабылдады.

Кездесуде Достастық мемлекеттері қауіпсіздігінің өзекті проблемалары талқыланды. Атап айтқанда, халықаралық лаңкестікпен күрес мәселесі қозғалды. Президент сондай-ақ арнайы қызмет басшыларының назарын ТМД елдерінің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығына аударды.

*****

Мемлекет басшысы ««Сот сараптамасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» №51-ІІІ, «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымына мүше мемлекеттердің аумақтарын жедел жабдықтау, әскери инфрақұрылым объектілерін бірлесіп пайдалану туралы келісімді бекіту туралы» №52-ІІІ, «Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың заңнамасы негіздерінің мәртебесі, оларды әзірлеу, қабылдау және іске асыру тәртібі туралы шартты бекіту туралы» №53-ІІІ заңдарына қол қойды.

Президент сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 21 қазандағы №1461 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» №1576 Жарлығына қол қойды.

 

2006 ж.: Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Сочи қаласында өткен осы елдің Президенті В.В.Путинмен бейресми кездесуге қатысты.


006.png

Кездесу күн тәртібінің негізгі тармағы ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің төрағасы өкілеттігін Қазақстан Президентіне тапсыру болды.


007.png

Сонымен қатар, тараптар солтүстік Каспийдегі жаңа кен орындарын бірігіп игеру, шекара аймақтарының өзара іс-қимыл әрекеттерін кеңейту, жаңа біріккен қаржылық құрылымдарды құру, Қазақстан мен Ресейдің ЕурАзЭҚ, БЭК, ШЫҰ интеграциялық құрылымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері жөнінде пікір алмасты. 


008.png

*****

Мемлекет басшысы «Т.С.Қабдырахмановты Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындау туралы» №116 Жарлығына қол қойды.

 

2008 ж.: Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының жергілікті соттарының алқалары төрағаларын, төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы» №594, «Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында қызмет өткеру туралы ережені және Қазақстан Республикасының прокуратура органдары қызметкерлерінің антын бекіту туралы» №595 жарлықтарына қол қойды.

 

2009 ж.: Мемлекет басшысы Ақорда резиденциясында «Хабар» агенттігінің тілшілеріне сұхбат берді.


009.png

Сұхбат барысында Мемлекет басшысы дағдарысқа қарсы шаралардың, республикамыздың индустриялық-технологиялық даму бағыттарының жүзеге асырылуына қатысты өзекті мәселелер жөнінде айтып берді. Президент сондай-ақ «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының XII съезінде жасаған өз баяндамасының негізгі қағидаларын жан-жақты түсіндірді. 

 

2010 ж.: Мемлекет басшысы «Сәйкестігі міндетті бағалануға (расталуға) жататын өнімнің Кеден одағының кедендік аумағындағы айналысы туралы келісімді ратификациялау туралы» №276-ІV Заңына қол қойды.

 

2013 ж.: Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Е.Т.Орынбаевты қабылдады. Ол 2020 жылға дейінгі еңбекпен қамту және 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттік бағдарламаларының іске асырылу барысы туралы ақпарат берді.

*****

Сол күні Мемлекет басшысы Астана қаласы бойынша жұмыс сапарын жасап, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры ғимаратының құрылыс барысымен танысты. 


013.png

*****

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Чехия Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартқа қол қою туралы» №568, «Көп балалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапаттау туралы» №569 жарлықтарына қол қойды.

 

2014 ж.: Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары барысында ҚХР аса ірі корпорацияларының басшылығымен кездесті.


014.png

«Tsinghua» корпорациясы басқармасының төрағасы Хо Цинхуамен кездесуде көмірді кешенді өңдеу саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері тілге тиек етілді.


015.png

Қытай авиациялық өнеркәсібі корпорациясының Президенті У Гуаньцюанмен әңгімелесу барысында авиациялық өнеркәсіп және логистика саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.


016.png

«Huawei Technologies» корпорациясы Директорлар кеңесінің төрағасы Сунья Фанмен әңгімелесу барысында корпорацияның Қазақстандағы қазіргі қызметінің негізгі аспектілері, сондай-ақ жоғары технологиялар саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асырудың перспективалары қаралды. 

*****

Мемлекет басшысы «Xinhua» ақпараттық агенттігінің қытайлық интернет-пайдаланушыларының сұрақтарына онлайн тәртібінде жауап берді.


017.png

Атап айтқанда, Қазақстан Президенті АӨСШК өзекті басымдықтары мен басты міндеттері, Қазақстан-Қытай қарым-қатынастарының жай-күйі мен даму кедешегі және тағы басқалар туралы айтып берді. Соңында Қазақстан Президенті жас интернет пайдаланушылармен өзінің өмірлік тәжірибесін бөлісті.

Әңгіме аяқталғаннан кейін Мемлекет басшысы «Синьхуа» сайты мен қытайлық интернет-пайдаланушыларға арналған естелік жазба қалдырды, сондай-ақ ең қызықты сауалдың авторына естелік кәдесый берді. 

*****

Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының бұрынғы төрағасы Цзян Цзэминьмен кездесті.


018.png

Кездесуде Қазақстан мен Қытай арасындағы басым салалар бойынша ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйі мен нығайту келешегі талқыланды. Тараптар екіжақты қарым-қатынастардың қалыптасқан жоғары деңгейін, сондай-ақ өңірлік құрылымдар аясындағы әрекеттестікті тереңдетудің маңыздылығын атап өтті. 

 

2015 ж.: Мемлекет басшысы «Қазақстан темір жолы» АҚ президенті А.Ұ.Маминді қабылдап, ол компанияның ағымдағы қызметі, негізгі жобалардың іске асырылу барысы, сондай-ақ оның еншілес кәсіпорындарының тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы ақпарат берді. 


019.png

Президент компанияның «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға, ең алдымен теміржол магистральдарын салу мен қалпына келтіру, «Қытай-Қазақстан-Еуропа» бағыты бойынша контейнерлік тасымалдың көлік-логистикалық инфрақұрылымын қалыптастыру, жаңа жүк терминалдарын тұрғызу және тағы басқаларды іске асыруға белсене қатысуының маңыздылығын атап көрсетті. 

 

2017 ж.: Мемлекет басшысы Иран Ислам Республикасының Президенті Х.Руханиге оның осы лауазымға сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады.

*****

Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Корольдігінің астанасы Эр-Рияд қаласына «АҚШ - Ислам әлемі» саммитінің жұмысына қатысу үшін келді.

 

Дереккөз: Akorda.kz

Оқи отырыңыз:

ТАЛДЫҚОРҒАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «САБАНТОЙ - 2019» МЕРЕКЕСІ ӨТТІ

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ – 90-НАН АСТАМ ҰЛТ ӨКІЛДЕРІ ТАТУ-ТӘТТІ ҒҰМЫР КЕШКЕН ЖЕРҰЙЫҚ МЕКЕН

БҰЛ КҮНІ - 16 МАМЫР

Back to the list