БҰЛ КҮНІ - 24 МАМЫР

БҰЛ КҮНІ - 24 МАМЫР

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қайраткерлік қызметінің жылнамасы.

2005 ж.: Мемлекет басшысы Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Ақтау қаласында Абай алаңында өткен орта мектептер түлектерінің соңғы қоңырау салтанатына қатысты.
*****
Сол күні Мемлекет басшысы Әзірбайжан Республикасына ресми сапармен аттанып, осы елдің астанасы Баку қаласында Президент И.Г.Алиевпен кездесті.

006-24.png

Шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында екіжақты ынтымақтастықтың барлық мәселелері бойынша пікір алмасулар өтті.

007-24.png

Келіссөздер нәтижелері бойынша Қазақстан және Әзірбайжан арасында Стратегиялық әріптестік пен одақтық қарым-қатынастар жөніндегі келісімге; терроризммен күресте, есірткі және психотроптық заттарының заңсыз айналымы, прекурсорлар, ұйымдасқан және өзге қылмыстармен күресте ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімдерге, сонымен қатар еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық, еркін сауда туралы келісімдерге өзгерістер енгізу, мұнай машинасын жасау саласындағы ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары туралы хаттамаларға қол қойылды.

008-24.png

Кездесу соңында екі мемлекет басшылары бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді, одан кейін Г.А.Алиевтің ескерткішіне және Әзірбайжан тәуелсіздігі үшін күресте опат болғандар аллеясындағы Мәңгілік алауға гүлтәждер қойып, онда Н.Ә.Назарбаев естелік кітабына қолжазбасын қалдырды.

2006 ж.: Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 14 шілдедегі №3593 Жарлығына толықтыру енгізу туралы» №122, «Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы №1459 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» №123 жарлықтарына қол қойды.

2010 ж.: Мемлекет басшысы Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Қазақстанда ресми сапармен жүрген Түркия Республикасының Президенті А.Гүлмен бірге түркі әлемінің рухани астанасы - Түркістан қаласына барды.

009-24.png

Бұдан кейін Президент Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде болып, университет қалашығының макетімен танысты, клиникалық-диагностикалық орталықтың бөлімдерін, университет аумағында орналасқан биохимиялық зертхана мен операциялық блоктарды қарап шықты, университеттің жаңа әкімшілік корпусы мен түркі халықтарының мұражайына бас сұқты, сондай-ақ 1 850 орынға және 400 мың бірлік кітап қоры болатын кітапханаға есептелген жаңа жоғары оқу корпусы іргетасына капсула қойды.
Университет қабырғасында Мемлекет басшысы профессорлар мен оқытушылар құрамымен және жоғары оқу орнының студенттерімен кездесті.
Кездесуге келгендердің алдында сөз сөйлеген Н.Ә.Назарбаев: «Түркістан ерте заманнан бері өзіне жүктелген біріктіруші қызметін әлі күнге дейін сарқыған жоқ. Түркістан түркі тілді халықтарының басын бір арнаға тоғыстырып келеді. Түркия мен біздің қарым-қатынас бүгінде барлық бағыт бойынша дамып келеді. Түркістандағы кездесуіміз біздің болашақта бірігіп атқаратын ортақ ісіміз бен шешіміміздің іргетасы болмақ», - деп атап өтті.
Кездесу барысында Түркия Республикасының президенті А.Гүлге осы жоғары оқу орнының құрметті профессоры дипломы берілді.
Осы құрметтен кейін сөз алған түрік көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевқа жоғары оқу орнының дамуына қосқан үлесі үшін алғысын айтып, түркі тілдес халықтар атынан символикалық билік скипетрін табыс етті.
Осыдан кейін екі ел басшылары Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне барды. 
*****
Сол күні Мемлекет басшысы Түркия Республикасының Президенті А.Гүлмен Астана қаласына аттанды.

2012 ж.: Мемлекет басшысы Түркі кеңесінің (Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы кеңесі) бас хатшысы Х.Акынджыны қабылдады. Ол 2011 жылғы 21 қазанда Алматы қаласында өткен Түркі кеңесі І отырысының шешімін іске асыру қорытындылары, сондай-ақ 2012 жылғы 23 тамызда Қырғызстанның астанасы Бішкек қаласында өтетін Кеңестің ІІ отырысына әзірлік барысы туралы хабарлады.

011-24.png

*****
Мемлекет басшысы өзінің астаналық «Ақорда» резиденциясында Қазақстанға V Астана экономикалық форумына қатысу үшін келген Нобель сыйлығының лауреаттарымен жұмыс бабындағы таңғы асын өткізді.
Кездесуге Р.Манделл, Э.Прескотт, Д.Нэш, Э.Маскин, Р.Ауманн, Ф.Кидланд, К.Писсаридес, М.Гелл-Манн, А.Цонат, Р.Робертс және К.Муллис қатысты.
Н.Ә.Назарбаев Нобель сыйлығының лауреаттарына Астана экономикалық форумын өткізу идеясына қолдау көрсеткендері үшін алғысын білдірді.

012-24.png

Бейресми әңгімелесу барысында Нобель сыйлығының лауреаттары Президентпен жаһандық экономиканы дамыту және әлемдегі геосаяси ахуалдың кең ауқымды мәселелерін, сондай-ақ бірқатар басқа да өзекті тақырыптарды талқылады. Одан басқа, форум миссиясын жүйелі негізде орындай алатын тұрақты әрекет ететін орган құру қажеттігі туралы мәселе көтерілді. Атап айтқанда, ондай орган кездесуге қатысушылардың пікірінше, әлемдегі ахуалды тиімді қадағалап, әлемдік экономикадағы мәселелерді шешу үшін сапалы ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді. Мемлекет басшысы бұл идеяға қолдау көрсетіп, кездесуге қатысушыларды мұндай орган жуық арада құрылатынына сендірді.  
*****
Сол күні Мемлекет басшысы Жамбыл облысына жұмыс сапарымен аттанды.
Президент инновациялық индустриялық жобалар көрмесіне барып, «Тараз металлургия зауыты» ЖШС, «Қазфосфат» ЖШС және «Еурохим тыңайтқыш» ЖШС қызметімен танысты.

013-24.png

Көрме аясында Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен «Еурохим тыңайтқыш» компаниясы, сондай-ақ «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ мен Оңтүстік Қытай вагон-локомотив корпорациясы арасындағы стратегиялық серіктестік туралы келісімдерге қол қойылды, содан соң «Мыңарал Тас Компани» ЖШС цемент зауытының қызметкерлеріне жаңа пәтерлер кілттерін салтанатты түрде табыстауға орай телекөпір өтті. 

2014 ж.: Мемлекет басшысы Қазақстанға ресми сапармен келген Албания Республикасының Премьер-министрі Э.Рамуды қабылдады.

014-24.png

Кездесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен кеңейту перспективалары қаралды. Одан басқа, албандық тараппен ұсынылған мұнай-газ және туристік салалардағы бірқатар жобалардың Қазақстанмен инвестициялану мүмкіндіктері туралы пікір алмасу өтті.  
*****
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 2013 жылғы есебін бекіту туралы» №822 Жарлығына қол қойды.

Дереккөз: Akorda.kz

Оқи отырыңыз:
БҰЛ КҮНІ - 23 МАМЫР
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДОСТЫҚ ҮЙІНЕ – 5 ЖЫЛ
АҚТАУДА «ШЕВЧЕНКО КЕЗДЕСУЛЕРІ» ӨТТІ

Back to the list